ЖАҢАША ОҚЫТУ– ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЖАҢАША ОҚЫТУ– ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Әрекет етудегі мақсатқа ең алдымен өзін – өзі жетілдіру, содан кейін айналасындағыларды жетілдіру арқылы жетеді»
Әбу-Насыр Әл-Фараби
Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, бі- лім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізіліп, білім беру мазмұны жаңартылып, білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қа- рышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағыт- талған тың бағдарламалар жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технология- лары, әдіс-тәсілдері, бағалау жүйесі оқыту үрдісіне енгізілуде.
Кез-келген оқыту технологиясы ұстаздан терең теориялық, психоло- гиялық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Өйткені, ұстаз уа- қыттың мағынасын, қоғамның өзгерісін терең сезініп, шәкірттердің біл- сем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.
Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміз- дің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөзін үнемі жадымызда сақтауымыз қажет.
Өзгермелі заманның ағымынан қалмай өмір сүру – бүгінгі күннің басты талабы. Сол талапқа сай болу үшін ұстаздар өз білімін үнемі жетіл- діріп отыруы тиіс, оған қазіргі таңда мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалынған.
Оның бір дәлелі – «Педагогикалық шеберлік орталығында» оқытушы- ларға ұйымдастырылып отырған курстар. Сол курстардың бірі – «Педагог

кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құ- рамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы».
Ұлы педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көте- ріп отырғанда ғана мұғалім» дегендей заман талабына сай, ұстаздардың кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған бұл курста менде екі апта кәсіби білімімді жетілдірдім.
Бұл курстың мен үшін маңызы өте зор, себебі жаңа бағдарламаның мазмұнына тағы да тереңірек үңіліп, бағалау жүйесінің қыр-сырымен, са- бақ жоспарлаудың жаңа үлгілерімен, сабақта АКТ-ны тиімді қолданудың жолдарымен танысып, оны тәжірибеде жасап, ықшамсабақ өткізіп, кә- сіби біліктілігімді жетілдірумен қатар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әріптестеріммен тәжірибе алмасып білімімді толықтырдым, білім қоржыныма мол тәжірибе жинақтадым.
Болашақта да өз тәжірибемде курстан үйренген әдіс-тәсілдерімді, ба- ғалау жүйесінің тиімді жолдарын одан әрі жетілдіріп, колледждегі сту- денттеріммен бірге белгілі нәтижеге қол жеткізетініме сенімдімін.
Оқытушылардың біліктілігін арттыруға ықпал етіп, тиімді жағдай жасап отырған педагогикалық шеберлік орталығы ұжымына және оқыту- шылардың жоғары дәрежеде білім алуына бар ынтасымен, күш-жігерін жұмсап, аянбай еңбек етіп отырған тренерлерге алғысымыз шексіз, ең- бектеріне шығармашылық табыстар, жетістіктер тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *