ЖАҢАША КӨЗҚАРАС, ЖАҢА ТАЛАП, ЖАҢА БАҒЫТ

ЖАҢАША КӨЗҚАРАС, ЖАҢА ТАЛАП, ЖАҢА БАҒЫТ

Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Анатолий Луначарский Біз өмір сүріп отырған кезең – жаңа дәуір. Сондықтан білім беру жүйесінің санға ғана емес, сапаға негізделуі жаңа заманның талабы мен
қажеттілігінен туындап отыр.

Ал білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңы- зы тіпті ерекше.
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаз- дан басталып қана қоймайды, білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұс- таздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Жаңа дәуір жастары өз өмірлерінің жарқын болуын қалыптасты- ра білетін сауатты, жаңашылдыққа жаны құмар, қоғамның кез-келген кетігіне кірпіш болып қаланатындай алғыр болып өсуіне бағыт беріп, бойларына білім дарытатын ұстаз ретінде мен «Педагог кадрларды даярлайтын колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру» курсы- ның кемесіндемін. Жаңалықтар мен тың әдістерге толы, жаңа формат- ты білімнің ағымына жедел лесіп, жөңкіп баражақанымызға таң қалып, таңдай қаққанымызды жасыра алмаймын. Міне сөйтіп Қазақстан Рес- публикасындағы орта білім мазмұнын жаңғырту аясындағы жұмыстар жүйесінің қазанында қайнап кете бардық…
Әр күніміз жаңалықтарға толы. Курстан кейін алдымыздағы білім алушыларымызға берер жаңа білімізбен, айтарымыз аз емес. Аз уақытта көп біліммен сусындатып, теорияны тәжірибемен қабыстырып, сөзін ісі- мен дәлелдеп, шаршамай, талмай талай тамаша мен жаңашаны меңгерт- кен тринер-ұстаз Қалшабеков Абай Батырұлы.
Критериалды бағалау жүйесімен, қалыптастырушы бағалау, жиын- тық бағалау үдерісімен, тоқсандық жиынтық бағалау спецификация- сымен, жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы мен оқу жоспарын пайдаланып, қысқа мерзімді жоспар құрудың шеберлігіне шыңдалдық.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын да- мытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударып отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-қатынас құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік мақсаттарды белгілеу көзделген.
Блум таксономиясы, Сократтық семинар, Панельдік дискуссия, Мо- дерация әдісі, SWOT – талдау «Кинометафора» әдісі, «Екі жақты күнде- лік» тағы басқа көптеген жұмыстың нәтижелігімен тиімділігін арттыра- тын әдістермен қоржынымыз толықты.
Курс барысында жүргізілген жаңаша оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, білім алушыларды тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау баршамыздың да басты міндетіміз еке- нінде түсіндік.

Білімді, тәжірибелі ұстаздар жиналған ортадан өз кезегінде өз ара тә- жірибе алмасу мүмкіндіктерін де мейілінше пайдалана алуымызға Абай Батырұлы мұрындық бола білді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің бі- ліктілігін арттыру курсынан алған әсерлерім мен білімім өте көп.
Жаңаша көзқарас, жаңа талап, жаңа бағытқа бастар біліммен сусын- дап бара жатырғанымыз көңілге қуаныш, жанымызға шабыт сыйлайды…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *