Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен тиімділігі

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен тиімділігі

Мен осы курста көп мағлұмат ала білдім. Жаңартылған оқу бағдар- ламаларының ерекшеліктері мен тиімді жақтарын түсіндім. Пән мазмұ- нының спиральді қағидатпен берілуін, блум таксономиясы бойынша оқу

мақсаттарының жүйелілігі жайлы, білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында ортақ тақырыптардың берілуі, оқу үдерісі ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылатынын ұғындым.
XXI ғасырдың дағдылары жайлы мағлұмат ала отырып, зерттеу, проб- лемалық, сын тұрғысы, өз бетінше оқу, ынтымақтастық, деректерді өңдеу, жасау және жобалау, тәжірибелік дағдылардың бір-бірінен айырмашылы- ғы мен ерекшеліктерін түсіндім. Қалыптастырушы, жиынтық бағалауды, модерация не екенін, оның ерекшеліктерін, кері байланыс жасай алуды біл- дім. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділі- гін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.
Сауат ашу, дүниетану, математика, жаратылыстану сабақтарының оқу бағдарламаларымен таныстым. Сабақ барысында әр өткен бағдарламаны талдап, түсініп оқып терминмен жұмыс жасай білдім. Бағдарламаны әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы постерге түсіріп, критерий бойынша қорғай білуді үйрендім.
Әр сабақта оқушыларға тапсырма беру арқылы критерийді оқушы- ларға ұсына білуді, сабақ барысында ойнатылатын ойын түрлерін, мыса- лы «Кубик» әдісі, «Домино» ойыны, «Қашқын сандар», «10 аяқтың ізі»,
«Пиктограмма» тағы да басқа түрлерін үйрендім. Ойын элементі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артатынын, сабақ бары- сында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдануда нәтижелілігін көруге болатынын ұғындым. Пікірталастар, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі тексеру, бір-бірлеріне сұрақтар қою тиімді әдістер қaтaрына жататынын түсіндім. Осы курс өзіме өте ұнады, әрбір сабақта мол тәжірибе ала білдім, болашақта алған білімімді іс-тәжірибе барысында қолданып, жекелеген стратегиялар мен тәсілдерді өзара байланыстыра отырып, білім беруде
үлкен жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *