Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері
«Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады. Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз»
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парагдимасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық не- гіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол: әлем стандартына сай білім беру; бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру; әлем азаматын тәрбиелеу; тәжірибелік дағдыларды дамыту; функционалдық сауатты- лықты арттыру; мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Осы факторлар- ды жүзеге асыру мақсатында жаңартылған білім беру бағдарламасының
мақсаты мен міндеттерін осы курс барысында айқындады.
Осы курста жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерек- шеліктерін жете түсініп білдім. Жаңа бағдарламаны меңгерген мұғалім болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын. Курс барысында төмендегідей басымдылықтарды оқып білдім, меңгердім: жа- ңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұны- ның спиральды берілуі. Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау,

жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді. Курс соңында мынадай нәтижелерге қол жеткіздім деп ойлаймын: жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілі- гінің өсу ретін, оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіндім және қолдана білемін.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің бі- ліктілігін арттыру курсынан алған әсерлерім өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер – педагогтарды оқытудың әмбебап үлгісін және тиім- ді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғы- дан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің түйгенім: ал- дымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттер- дің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Осы меңгерген білі- мімді өзімнің іс-тәжірибиемде іске асырамын. Педагогикалық шеберлік орталығына, тренеріме алғыс білдіремін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *