Жаңартылған білім – табыстылыққа жетелейтін дамудың негізі

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер».
Жүсіпбек Аймауытов

Жаңартылған білім – табыстылыққа жетелейтін дамудың негізі

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жү- йесін енгізу шеңберінде колледж оқытушыларының педагогикалық ше- берлігін жетілдіру» тақырыбындағы курстан мен не алдым, не үйрендім? Білім беру бағдарламасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні берілуіндегі ерекшелік-оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым/айтылым, оқы- лым, жазылым, әдеби тіл нормасын жетілдіруге бағытталуы. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «шиыршық» (спираль) әдісімен орналастырылып, бір-бірімен тығыз байланыста алынған. Жыл бойына бірнеше рет қайта- ланады, әрі сынып сайын да тілдік мақсаттар күрделенеді. Осы мәселе- ге көлденеңінен, тігінен үңіліп, практикалық тұрғыда талдап, зерттедік. Бағдарламаның басты тиімділігі-оқушының функционалды сауаттылығы

артады, шынайы өмірмен байланыстыруға қатты мән беруі, білімнің са- палық деңгейінің артуына септігі болады.
Ресей, Батыс, Еуропа, Америка педагог-ғалымдарына иек арта бер- мей, шамалы болса да өзіміздің ұлт зиялылары Жүсіпбек Аймауытов, Ах- мет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінен мысалдар келтіре отырып, артық болмаса кем түспейтін, қазіргі заман та- лаптарына толық жауап беретін інжу-маржандай ойларын сабақтастыра өту өзінің нәтижесін берді. Себебі, әркім өсімдік секілді тамырынан қуат алғандай өзінің ұлттық дүниетанымымен сусындайтын болуы керек. Өз- гелерді пір тұта бермей, «Адамзаттың екінші ұстазы» атанған әл-Фара- биден бастап, А. Яссауи, Ж. Баласағұн, А. Йүгінеки секілді өз асылдары- мызды ұмытпайық!
Жан-жақты ақпараттанған, шығармашыл, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ғана табысты болып, қалаған нәтижесіне қол жеткізе алады. Мен педагог ретінде оқушыларымды тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт-санасын, ізгілік дәнін бойларына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Бағдарлама бары- сында да арнайы құндылықтарды дарыту бөлімі енгізіліп, қысқа мерзімді жоспар барысында «Мәңгілік Ел» идеясының басым бағыттарының бас- шылыққа алынуы осы мақсаттарымызбен ұштасып жатыр.
Бағдарлама құрылымы, мақсат-міндеттерін тапсырма ретінде түрлен- діріп, өзара бірлесіп талқылап, топ алдында қорғадық. Сабақ барысында түрлі бейнефильмдер көріп, соларды талдау кезіндегі пікірталастар өте қызықты болды. Критериалды бағалау жүйесі, түрлері, құрылымы жайлы ұғымдар қалыптасты. Көптеген мәліметтер мен үшін тың, жаңаша, ынта- ландыратындай болды. Алдағы уақытта іс-тәжірибеме енгізіп, сабақта- рымды жоспарлауда өзгертулер енгізу қажеттілігін байқадым.
Қорытындылай келе айтарым, «педагогикалық қоржыным» біршама толықты, осыдан тура бір ғасыр бұрын қазақ даласында білім беру сала- сы «жаңаша», «ескіше» болып бөлінгендей процесс қайталанып отырға- нындай жаңашылдық, заман талабы жеңіп, еліміздің дамуымен бірге бі- лім саласын табыстылыққа жетелеуде игі ықпалы болады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *