Жаңартылған білім мазмұны

Адамзат баласы басқа тіршілік иелерінен таңдау жасау құқына ие бо- луы арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да өмір кезеңдерін ауыстыру ба- рысында таңдау жасауға барлығымыз міндеттіміз. Мен де алғаш мектеп қабырғасынан жырақтап, табалдырығынан алыстаған шақтарда таңдау жасау керектігін түсіндім. Мен ендігі мектептегі ақ бантик иесі емес, ма- мандық иесі болатынымды ойладым. Сол оймен осы өмірлік қағиданы ұстанып, жүрек таңдауын жасап, мұғалім боламын деп шештім. Білім беру, оқушыға, балаға жақындығымды осыдан байқадым десем артық айтпағаным болар. «Адамның бір қызығы бала дегендей» өз шығарма- шылығымды оқу тәрбие ісіне арнап, бала оқытамын деп шештім.
Білім мен Ғылым заманауи жаңғырған мына заманда елімізге жаңа- шыл зияткерлік білім қажет. Осы жолда өзімді шыңдап, бойымды жаңа- шыл тәжірибелік шеберлікпен сусындату бағытында осы курсқа келдім. Мұғалім құзыреттілігінің жүйелі жұмысын зерделейтін бұл курс оқудың формасын жіктеп, жүйелі түрде анықтап көрсетті.
Мамандығымды анықтайтын, іскерлік дағдыларымды шыңдадым деп айта аламын. Білімі мен бірлігі мол тренеріміздің әсері де мол деп ойлаймын. Себебі, өз тәжірибесін үнемі өмірмен байланыстырып, біл- гірлігін деңгейлеп-саралап жеткізгені тәжірибесінің белгілі бір жоғары деңгейде болғаны деп есептеймін. Көп ақпаратты аламын, үйренемін, өз тәжірибемде пайдаланамын деген оймен білім алдым. Топта, оқытушы- лармен бірлесе жұмыс істеу арқылы жаңа орта мен тың дүниені тануға деген қызығушылығымды арттырдым. Бір сөзбен айтқанда өзімнің іс- керлік дағдымды тәжірибеде толыққанды дәрежеде жетілдірдім деп айта аламын. Мен қатысқан курстың маңыздылығын, қажеттілігін колледж студенттерімен жұмыс барысында жасап көру арқылы өз біліктілігімді көре аламын деп айта аламын.

Ойымды қорытындылай келе, Заманауи білім беру, оның ішінде жа- ңартылған оқу бағдарламасын меңгеру өте маңызды деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *