Жаңартылған білім мазмұны

Әр адамның бойында күн бар, тек оны жарқырауына мүмкіндік беріңдер.
Сократ Педагогикалық шеберлік орталығымен ұйымдастырылған жоғары оқу орны оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өзім- нің кәсіби тұрғыдан шыңдалуыма зор көмек берді десем қателеспеймін.

Бұл курс мен үшін білім беру аясында өзімнің кәсіби шыңдалуыма қа- жетті көптеген ақпараттарды алуыма түрткі болды. Жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізудің маңызы туралы оқытушы- тренеріміз жан-жақты талдап, теориялық тұрғыдан шетелдік және отан- дық зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, түсіндіріп берді. Сонымен қатар, атап айтатын болсақ: жаңартылған орта білім беру маз- мұнының ерекшеліктеріне тоқталып, қазіргі заманғы дүниежүзінде қол- данысқа ие білім беру бағдарламаларының озық тұстарын таныстырды.
Курс барысында орта білім берудің барлық деңгейлері бойынша, атап айтсақ: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу пәндерінің жаңартылған оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының құрылымы, мазмұны, пәндерді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерін жан-жақты талдап, қарастырып, іс жүзінде практикалық тапсырмалар ар- қылы қызықты да, қажетті мәліметтерді жүйелі түрде меңгердім.
Курс барысында критериалды бағалау әр оқушының дайындық дең- гейін анықтауға; әрбір оқушының жақын арадағы даму аймағын айқын- дауға, оқушының жетістігін бақылауға, әрі қарай дамытуға ықпал жасау- ға, оқушы мен оқытушы тарапынан оқу үдерісінде кеткен қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамта- масыз етуге көмек беретін бірден-бір іс-әрекеттер тізбесі. Ол оқушылар үшін табысқа жетелейтін бірден бір үдеріс екенін анықтадым.
Курс барысында сабақтардың практикалық кезеңінде теориялық тұр- ғыда меңгерген білімімді тәжірибе жүзінде қолдануыма мүмкіндіктер көп болды. Мысалы: пәннің оқу бағдарламасынан бірнеше оқу мақсатын таң- дау, бағалау критерийлерін анықтау, оларды Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіру, бағалау критерийлеріне байланысты тапсырмалар дайындау, оларға сәйкес дескрипторлар құрас- тыру т. с. с. дағдыларды қалыптастыруға арналған жұмыстар орындалып, әрбір мұғалім өз шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдады деген ойдамын.
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеясы халқымыздың данышпан, философ ұлы Абайдың көзқарастарымен сәйкес келетіні анық. Оның ойынша адам толық жетіліп, кемел адам болуы үшін нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат сияқты адами құндылықтарды жарыққа шығаруына мүмкіндік жасалуы қажет деп санайды. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білім- ді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қыр-

лары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсе- нің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», – деп қарады. Менің ойымша, еліміздегі білім мазмұнын жаңарту үдерісі болашақ ұрпақтың кемел тұлға болып қалыптасуына жол ашады деген сенімдемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *