Жаңартылған білім мазмұны – уақыт талабы

Жаңартылған білім мазмұны – уақыт талабы

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады».
Генри Форд Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қана- ғаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарла- масы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатта- лады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті да- мыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының тео- риясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жа- ңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру- ды талап етеді.

Негізгі мектеп пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап, зерттей бі- луді талап етеді. Бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері, қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жа- зылым, дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу және т.б. маз- мұны жаңартылған.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне ауысқан. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Бұл шынайылықты қажет етеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір – бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайтала- нып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функцио- налды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Бағдарламаның маңыз- дылығы да осында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *