Жаңартылған білім – келешек ұрпақ кепілі

Жаңартылған білім – келешек ұрпақ кепілі

Біз өмір сүріп жатырған қоғам жыл өткен сайын түрлі жаңалықтар- мен, өзгерістермен толығып отырады. Қазақ халқы неше түрлі заманды басынан кешірді. Қиындықты да, соғысты да көрді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман да өтті. Сол сияқты білім беру саласында да айту-

лы өзгерістер болып жатқаны белгілі. «Жаңартылған» деген терминнің өзі жаһандану заманында жас ұрпақты жаңаша оқыту, жаңаша ойлату бі- лім алушыларға деген құштарлықтарын ояту, алған білімін өмірде қолда- на алуға үйрету деп ойлаймын.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты мақсаты – оқушы- ларды өз бетімен өмір сүруге, сыни ойлай алуға үйрету болса, мұғалім- дердің біліктілігін арттыру жұмыстары осы мақсаттың орындалуына ба- ғытталған. Сондықтан да білім саласындағы өзгерістер ең алдымен ұс- таздан үлкен жауапкершілікті талап етіп отыр. Жан–жақты ойлай алатын ізденімпаз, алдағыны болжайтын білімді тұлға тәрбиелеу – біздің, ұстаз- дардың, бүгінгі күнгі басты міндеті. Жаңартылған білім беру мазмұны- ның өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Оқу жоспарының бір-бірімен бай- ланысы білім алушыларды топпен оқыту, тапсырмалар берудегі ерекше- ліктер, бағалау түрлері бұрынғы, яғни дәстүрлі оқытудан ерекше екенін байқадым. Білім беру «шиыршық» қағидатын басшылыққа ала отырып, жеңілден қиынға қарай оқытудың тиімді екенін түсіндім. Қорыта айт- қанда, бағдарламаның мәні – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Білім алушының бойына өмір сүру барысында табысты болу үшін қажетті барлық дағдыларды дарыту үшін мұғалім тынымсыз еңбектену керек екенін, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында өз пәнін беріле сүйетін, алдындағы әр шәкірт үшін уақытын аямайтын мұғалімдер ғана жұмыс істей алатынын білдім. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологиялардың енгенін және оны өз тәжірибемізде алдымызға мақсат қоя отырып қолдансақ, сол мақсатқа жету жолында шәкірт жүрегіне жол тауып жоғары да сапалы білім бере алсақ, егемен еліміздің ұл-қыздары неге білімді де білікті, бәсекеге қабілетті елдің ұландары болмасқа? Со- лардың арқасында Қазақстанның іргесі мықты, алдыңғы қатарлы ел бол- мақ. Мен өзімнің ұстаздық жолымда бар күш-жігерімді осы мақсаттарға жету үшін жұмсаймын деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *