Жаңартылған білім болашаққа ұмтылыс

Жаңартылған білім болашаққа ұмтылыс Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет
Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақ- саты білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғы- дан Елбасымыз әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу
туралы міндет қойғаны бәрімізге мәлім.
Жаңа білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. «Педагог кадрларды даярлайтын колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы» тақырыбында өткен курста жаңартылған бағдарламасының құрылымы, мақсат мін- деттерімен таныстық. Әр оқытушы жаңартылған білім берудің әдіс-тә- сілдерін өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлекция жасауға, сондай ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік беретінін байқадым. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіреті- нін, жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқы- туға негізделгенін, яғни оқушылар бір-біріне сын тұрғысынан қарай- тынын білдім. Оқу үрдісінде негізінен пайдаланатын үш құжатпен: оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен таныстық. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жүйесі оқушыларды жан-жақты ізденуіне ынталан- дырады, артықшылығы-ойлау қабілетін, ғылыми әлеуетін дамытып, ғы- лыммен айналысуға ықыласын тудырады деп ой түйдім.

Топ болып жұмыс жасауда бірлесіп, пікір алмасып, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, оны талқылап, жұмысымызды бірлесе қорғай білдік. Әрі болашақта студенттерімізге де осы дағдыны қалыптастырамыз.
Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен қайта құру- ды болашақ ұстаздар бүгінгі студенттеріме үйрету керек екенін түсіндім. Сессия барысында тақырыпқа сай бейнефильмдерді талдау кезінде әріптестерімнің пікірі қызықты болды. Осы әдісті пайдалану арқылы сту- денттің де оқушының да ой өрісін кеңейтіп, сыни ойлауға, өзіндік пікір-
лерін қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлаймын.
Курс барысында теориямен, топтық жұмыстың тиімділігі, оқыту әдістері мен нысандары, сабақ құрылымы сыни тұрғыдан ойлау, оқыту әдістері, рефлексия мен кері байланыс, АКТ ны қолдану, бағалау түрлері, қысқа мерзімді жоспар, ықшам сабақ жоспарларын қалай құру керектігін үйрендік. Тренеріміз ықшам сабақтарда әдіс-тәсілдерді көрсету, сабақ- тың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды, тиімді страте- гияларды қолданып өткізу керек екенін түсінікті жеткізе білді. Осы білік- тілікті арттыру курсында ойға түйгенім еліміздің ұрпағын жаңа білім нә- рімен сусындатып, болашақта бәсекеге қабілетті, болашақтың талабына сай сапалы маман дайындау біздің басты міндетіміз. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *