Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»
А. Байтұрсынов

Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мә- селесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Жаңа білім беру бағдарламасы толық сілтемелер, мысалдар арқылы нақты көрсетілген. Қазіргі таңдағы бұл жаңаша оқу үдерісі мұғалім үшін де, оқушы үшін де берер пайдасы көп. Мұғалімнің нұсқауымен өз еркімен білім алатын жеке тұлға ғана бі- лімді ұрпақ бола алады.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігі- мен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағ- дарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсатта- рына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Оқытуда

оқушылардың бойында тілдік құзіреттіліктерді қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегияларымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар мен тапсырмаларр әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жина- ғымен танысып, жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығын- да, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын да- мыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорла- рын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құн- дылықтарын дамыту.
Курсқа дейін де өзім дәріс беруде, дәстүрлі сабақтарда деңгейлік тап- сырмаларды жиі пайданаланатынмын. Бірақ көбінесе үй тапсырмасын сұраумен шектеліп отырдым. Курс менің сабақ берудегі көзқарасымды қатты өзгертті. Алдағы жұмыстарым осы жаңартылған білім бойынша жүргізетініне сенімдімін.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функцио- налды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағ- дарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды да- рыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі баста- ғалы отырмыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *