Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

Қазіргі таңда Қазақстандық жоғарғы оқу орындары заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін кешенді білім игерген маман ғана емес, сонымен қатар жаңалыққа дайын, құзіретті мамандарды тәрбиелеп шы- ғаруымыз керек. ЖОО түлектері мектеп табалдырығын аттап, ұстаздық кәсібін бастағанда ХХІ– ғасыр талаптарына сай білім мен білік, дағды- мен қатар өзі зерттеу жүргізе алатын, ізденгіш, жан– жақты, жаңалыққа икемді және өз білімінін үнемі жетілдіретін маман болу қажеттілігі аса маңызға ие болып отыр.
Міне, осы мақсатқа жету үшін Назарбаев педагогикалық шеберлік ор- талығының «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының

оқытушы профессор құрамының біліктілігін арттыру курсының» білім беру бағдарламасы Орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериал- ды бағалау жүйесін енгізу шеңберінде ОПҚ-ның педагогикалық шеберлі- гін жетілдіру мақсат ете отырып, курс барысында ОПҚ-ны жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұ- нымен таныстырды; жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес педа- гогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын түсінуін және қолдана білу; критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білу; жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізудің маңызын игертті.
Курстың бағдарламасы негізінде жаңартылған оқу бағдарламалары- ның мазмұнын және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарла- маларында қарастырылған педагогикалық әдіс-тәсілдерді зерделенді. Сонымен қатар курста оқытуда да (оқудағы ортақ әдіс-тәсілдер) және пәндердің жаңартылған оқу бағдарламасында да (спиральділік қағидаты, бөлімдер мен бөлімшелердің ортақтығы, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау, критериалды бағалау жүйесі) орта білім бе- рудің барлық деңгейлерінің (бастауыш, негізгі орта, жоғары орта білім беру) сабақтастығы қағидатының сақталуын басты нысанаға айналды.
Сексен сағаттық курс аясында жаңартылған орта білім беру мазмұ- нының ерекшеліктеріне назар аударылса, тиімді оқыту және оқу бөлімін- де – белсенді оқу әдістерін қолданумен диалогтік оқыту және сын турғы- сынан ойлауға үйрету. Тиімді сұрақтар. Ойлау дағдысының деңгейлері, Блум таксономиясы бойынша мол ақпарат берілді.
Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер бөлімі бойынша саралап оқыту тәсілдерін қолданумен қатар жаңартылған білім берудегі маңызды, пәрменді тәсіл ретінде оқу үдерісінде АКТ қолдану амалдары да кеңінен қамтылды
Курстың бағдарламасының ауқымды бөлігі – яғни 4-бөлім Крите- риалды бағалау жүйесі, 5-бөлім Қалыптастырушы бағалау үдерісі және 6-бөлім Жиынтық бағалау үдерісіне арналды.
Оқу пәндері бойынша сабақ жоспарлау мен сабақ жоспарымен жұмыс істеу бөлімінде курс барысында игерген ақпаратты әр тыңдаушы өз пәнін оқыту әдістемесінде қолданудың нақты жұмыс істеу алгоритімін игеру алаңына айналды деп толық сеніммен айта аламын. Шығармашылық ше- берханасы ретінде: оқу пәндері бойынша сабақ жоспарларларының қорын жасақталып, жаңартылған білім беру мазмұнын пәнді оқыту әдістемесі мен педагогикалық пәндердің силлабусында жүзеге асыру, сабақ жоспар-

лау мен қатар ықшамсабақ өткізунегізі игерілді. Ықшамсабақты бағамдау және сабақ жоспарын жақсартужөніндегі әріптестерімен сабақты зерттеу курс бойына алған білік пен дағдыны шыңдауға ммүмкіндік берілді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға ба- ғытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің ерекшелігі – білімді дайын күйінде бермей, оқушыны іздендіруге, зерттеуге икемдеу болып табылады. Оқушылардың өздері сұрақ тудыру, сол сұрақтарға жауап із- деу, әр үлкен сұрақтар мен ситуацияларға өз пікірін айтуға және оны дә- лелдей алуы, сондай-ақ басқалардың пікірін тыңдау, оған келісу немесе контраргументтерді келтіру, айтатын ойына дәлел келтіру, дәлелдерді із- деу және дәйектей алу қасиетін дамытады.
Біліктілікті арттыру курсы соңында әр мұғалім жаңартылған бағдар- лама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізді. ЖОО бітіруші түлектеріне осы игерген жаңар- тылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру, ынтымақтастықта оқу, оқу- шылардың өз бетімен оқып, білімін толықтыру, зерттеу жүргізе алу, ойын ашық, еркін жеткізуге, өзін де, өзгені де бағалап, кері байланыс орнату дағдысын қалыптастыруымыз керек. Пәндік сабақтарда белсенді оқу әдістерін тереңірек пайдаланып, оның тиімділігін түсіндіре отырып, озық технологияларды түлектер меңгеріп шығуын назарда ұстаймыз. Деңгей- лік оқытуды дағдысын қалыптастыра отырып, болашақ ұстаздардың бо- йында жаңа технологияны оқыту-әлемдік стандарт деңгейінде оқушы- ларға сапалы білім берумен қатар жас ұрпақты тәрбиелеудегі тұлғалық қасиеттерін ашатын, патриоттық және толеранттық, креативті ойлайтын қасиеттерін дамытуға жағдай жасауымыз керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *