Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
«Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың»
Ж. Баласағұн

Бүгінгі күнге дейін адамзат баласыныың қол жеткізген ұлы игілік- терінің бірі-білім қазынасы, ал білім сипаты алуан түрлі. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Қазақ- стан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бі- лім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді. Осы өзгеріс барысында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педа- гогикалық шеберлік орталығы Республика бойынша мыңдаған ұстаздар- ды жаңартылған білім бағдарламасын меңгерту барысында үш-төрт жыл аралығында мектеп ұстаздарының біліктілігін арттырды. Сонымен қатар бүгінгі студент-ертеңгі жас маман болғандықтан, болашақ ұстаздар жаңа- шыл көзқараспен, жаңа білім бағдарламасымен қаруландыру мақсатында еліміздегі педагогикалық колледждерімен жоғарғы оқу орнының оқыту- шылары да қамтылуда. Өзім қызмет етіп отырған білім ордасының оқы- тушылары да Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан дәріс алуда.
Біздің колледж бастауыш мектеп ұстаздарын даярлайтын болғандық- тан, жаңартылған білім бағдарламасы еліміздің білім жүйесіне енгізіле басталғаннан бастап жаңа мазмұнды бағдарламамен танысу мақсатында көптеген семинарлар, кездесулер, колледж ішілік курстар ұйымдастырды. Демек, біздің колледждің оқытушыларына бұл бағдарлама таңсық емес де- секте, 2018-2019 оқу жылының басында ұйымдастырылған білім жетілдіру курсына менде ілігіп, Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орта-

лығының тренері, білікті ұстаз Абай Батырұлынан дәріс алып, бұрынғы бі- лімімді жан-жақты толықтырып, бекіте түстім. Курс барысында тәжірибе- лі тренеріміз біздің негізгі мақсатымыз жаңартылған білім бағдарламасын толығымен меңгере отырып, болашақ мамандарды іс-тәжрибе барысында алған білімімізбен қаруландыру екенін айқындап түсіндірді.
Жаңартылған білім бағдарламасының мақсат-міндеттерін талдап, мек- тепте жүріп жатқан бағалау түрлерімен, ойлау дағдыларының деңгейімен, бағалау критериларын құрастыруды тереңірек таныстық. Білімімізді жетіл- діру барысында еліміздің басқа облыстарынан келген ұстаздарымен тәж- рибе алмасып, оқыту үдерісінде қолданатын жаңа әдіс-тәсілдерді меңгер- дік. Қоржынымызға жиған осы білім қорын тиімді пайдаланып, болашақ ұстаздарға педагогикалық шеберлікпен жеткізу біздің мақсатымыз.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» – деп елбасымыз болашақ мамандарды даярлауға, оның ішінде, әсіресе болашақ–жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу- ге білікті ұстаздарды қалыптастыруға өте жоғары талаптар қойып отыр. Өйткені қоғамның рухани және адамгершілік тұрғыда қайта өрлеуі, жеке тұлғаны әлемдік және ұлттық мәдениет деңгейіне көтеру, жаңаша көзқа- распен жеткіншек ұрпақты қалыптастыруда тиімді жағдайлар жасау кө- біне ұстаздар бізге байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *