Жаңартылған білім-болашақтың кепілі

Жаңартылған білім-болашақтың кепілі

«Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар».
Альберт Эйнштейн

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады.
Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен жүйелі түр- де қайта құрылып, өз тәжірибеме қайта түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім. Ықшам сабақтарда тек әдіс-тәсілдерді көрсету маңызды емес екен, маңыздысы сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсыр- маларды тиімді стратегияларды қолданып өткізу керек екенін түсіндім. Бізді алғаш курсқа келген күннен бастап, байсалды да білімді тренеріміз Тілеуов Қайрат Қыпшақбайұлы жылы шыраймен қарсы алды. Осындай тренеріміздің арқасында көптеген мәлімметтер алдық. Сабақ барысын- да түрлі бейнефильмдер көріп, соны талдау кезіндегі пікір таластар қы- зықты болды. Курс барысында теориямен, топтық жұмыстың тиімділігі, оқыту әдістері мен нысандары, сабақ құрылымы сыни тұрғыдан ойлау, оқыту әдістері, рефлексия мен кері байланыс, Рефлексивті оқыту, бағалау түрлері, ықшам сабақ жоспарларын қалай құру керектігін жасап үйрен- дік. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне сөзсіз: «Блум таксономиясы», «Бағ- даршам», «Ыстық орындық» т.б.
Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Сынып жоғарылаған сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп,

тереңдеп отырады. Бағдарлама мазмұны тарих, биология, география, ма- тематика, химия сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функцио- налды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдар- ламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үл- кен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмір- дің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарла- масы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей ала- ды. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *