Жаңартылған білім беру

Жаңартылған білім беру

«Әлемді сүйіспеншілікпен өзгертуге болады. Егер әр істі сүйіспеншілікпен, шын жүректен жасасаңыз, міндетті түрде жетістікке жетесіз».
Элизабет Кюблер-Росс Жаңа әлемдегі Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім саласы екені бәрімізге мәлім. Осыған орай, біздің тәуелсіз жас мемле- кетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды
барынша дамыту болып табылады.

Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы- профессор құрамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдар- ламасы өте жоғары деңгейде жасақталған.
Курс барысында оқытушыларға түрлі әдіс-тәсілдер, рефлексия жа- сауға, сондай-ақ жаңартылған білім мазмұнын оқу үдерісін енгізуге ба- ғытталған әдіс-тәсілдерді түсініп талқылауымызға мүмкіндік берілді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты-білім мазмұнын, жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі-оқушылардың үйлесім- ді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.
Бұдан ПОҚ-ын оқу бағдарламасының мақсат-міндеттерін, жаңартыл- ған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қолданып, критериалды бағалау жүйесін түсініп, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы мақсат-міндеттерді, оқу процесімізде пайдалану жолдарын білдік.
Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеялар- ды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отыр.
Сондықтан, қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелер- ді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.
Мен осы курсты оқығанға дейін, асыққан едім. Себебі, бұл курс ту- ралы көптеген мектеп мұғалімдерінен естігенде, қызығушылық пайда болды. Міне, осы курсты оқығаннан кейін менде өзгеріс болғанына және одан әрі шығармашылыққа ізденуімен жол ашқанына «Педагогикалық шеберлік орталығына» айтар алғысым шексіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *