Жаңартылған білім беру – уақыт талабы

Жаңартылған білім беру – уақыт талабы

«Қазір бой жарыстырар заман емес, ой жарыстырар заман»
Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай бі- лім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Біліктілікті арттыру курсында Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру бағ- дарламасымен таныстым. Сабақтарды жоспарлауды, рефлексия жасауды, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуді үйрендім. Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын жаңартудың өзектілігі туралы ақпарат алдым. Қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған бі- лім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрде- лілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстым.
Жаңартылған білімберу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білу- ге жаттықтым. Жаңартылған білім беру бағдарламасында педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді. Осы әдіс-тә- сіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді ат салысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпты хабарлағанға қа- рағанда, анағұрлым қуатты құрал болып табылады. Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын оқушылар анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізуү- шінөз бетінше әрекет етуге үйрену керек. Белсенді оқу оқушының мұға- лімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін

оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Сыныпта қолданыла- тын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бо- йынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді.
Табиғаты бойынша оқу үдерісі ойлаудан тұруы керек және ми құры- лымында өзгеріс жасауға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Белсенді оқу оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім бер- ген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. Ең тиімді оқы- ту – нақты әрекет арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту болып есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *