Жаңартылған білім беру – уақыт талабы

Жаңартылған білім беру – уақыт талабы

«Білім – әлемді өзгертуге қабілетті ең қуатты қару»
Нельсон Мандела Еңбек өтілімнің аздығына қарамастан жаңартылған білім беру маз- мұны бойынша педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары- ның оқытушы-профессор құрамы мен колледж оқытушыларының білік- тілігін арттыру курсына колледждің атынан қатысатынымды естігенде қатты қуандым. Бұл мен үшін тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік болды. Курстың алғашқы күнінен бастап жаңартылған білім беру маз- мұнының қазіргі таңдағы өзектілігі талқыланды. Сонымен, «жаңартыл- ған білім беру мазмұны» деген не?, «оның артықшылықтары мен кем-
шіліктері қандай»?!
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып ба- рамыз», – деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарла- масының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, крите- риалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі

түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Сонымен қатар жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы бі- лім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, АҚТ –ны қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, коммуникативті қарым-қатынас жасай алу, жеке, жұппен және топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру. Оқу- шылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуі қажет. Білім мазмұ- нын жаңарту тікелей шығармашылық ізденісі мұғалімнің кәсіби шебер- лігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», — деп Ахмет Байтұр- сынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қо- ғам мүддесіне сай болуы қажет деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пә- нін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үнді халқы- ның тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала- тын болсақ, бұл бастаманың болашақта өз жемісін береріне сенімдімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *