Жаңартылған білім беру мазмұны – жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу

Жаңартылған білім беру мазмұны – жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу

«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»
Ахмет Байтұрсынов Қазақстан тоқырау кезеңінен шығу жолында елбасымыздың үлкен ұшқыр идеясы білімді жастарға жағдай жасау болды. Осы жолда қазақ дарынды балаларын «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдерде білім

алу тәжірибесі жүзеге асты. Бұл бастама дарынды жастарға келешек- те өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу мақсатында негізделді. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер алғаш болып шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Елбасымыздың бұл идеясы жоғарыда беріл- ген Ахмет Байтұрсыновтың ойымен ұштасады.
Өркениетті дамыған елдердің Әлем деңгейіне шығуы білімді ұрпақ тірбиелеуде жүзеге асатыны айқындалып, елеміздің болашағы заман та- лабына сай білімді, алған білімдерін өмірде қажеттілігіне қолдана біле- тін функционалды сауатты болашақ мамандарды даярлау қажеттілігі осы курста айқын көрініс тапты.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігі- мен, ерекшелігімен таныстық.
Педагогикалық шеберлік орталығы біліктілікті арттыру курсы жоғары оқу орындары оқытушыларының «Жаңартылған білім беру мазмұны» ту- ралы толық мағлұмат алуына, болашақта жинақтаған тәжірибелерін білім- герлерді оқытуда және мектептерде іс-тәжірибе жетекшілік жұмыстарын жүргізуде қолдануда алатын үлесі зор боларына үлкен сенімдемін. Осы екі апта аралық курс барысында болашақ мамандарды дайындауда жаңа- ша оқытудың көптеген жаңа қырларымен танысып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның әр аймағынан келген оқытушылар қауымымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып тәжірибе алмасу мен үшін үлкен іс болды.
Курс барысында сабақ жоспарлауда міндетті түрде мақсат қою, сол мақсат аясында тапсырмалар құрастырып, әрбір тапсырма соңында қалып- тастырушы бағалау мен кері байланыс беру, оқушылардың сабақта мақсат- қа жетуде жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бұрынғы алған бі- лімін жаңартылған білім мазмұны бойынша академиялық білім деңгейіне көтеру, кәсіби дағдыларды қалыптастыру оқытушының саралау тәсілдерін қолдануда жүйелі білім беру жүзеге асырылатыны айқындалды.
Қорыта айтсам, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай білім беру – жеке тұлға- ның жан-жақты дамуына әкелетін саралы жол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *