«Жаңартылған білім беру» заман талабы

«Жаңартылған білім беру» заман талабы
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»
Аристотель

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы- ру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымызға басымдық беретін ме- желердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп атап көрсетті. Мен 17 қыркүйек пен 28 қырүйек аралығын- да «НЗМ» және Қазақ технология және бизнес университеті базасында
«Жаңартылған білім беру» бағдарламасы бойынша 2 апталық курсынан өттім. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізі білім алушылар- дың оқу нәтижелерін жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу ар- қылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру бағдарламасымен таныстыру болғандықтан, бағдарлама туралы ақпарат- пен, оның мақсат, міндеттерімен таныстық. ЖББ – орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің білік- тілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған сонымен бірге пәнбойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру, дағдыларды қалыптастыру міндеттеледі. ЖББ маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүр- гізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, топта қолдану болып табы- лады. ЖББ ерекшеліктері яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуін

мен төмендегі бағыт бойынша түсіндім: пән мазмұнының спиралді қа- ғидатпен берілуі, Блум таксономиясы, пәнаралық байланыстардың ортақ тақырыппен берілуі, оқу үдерісін орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар арқылы ұйымдастыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қа- сиеттерін қалыптастыру, оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою, сабақ тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағды- ларды қалыптастыруға назар аударылуы және оқушының білім алу үде- рісіне белсенді қатысуы.
Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бо- йынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдысы қалыптасады. ЖББ-ның география мамандықары үшін тиімділігі мұғалімнің үнемі ізденісте болып, оқушыларға жаңа тех- нология түрлерімен жан-жақты сабақ беру үрдісі кері байланыс негізінде алған білімдерін жинақтап пәнге дегенһ қызығушылығын арттыруы. Бү- гінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мек- тептің жүрегі» – деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп ал- дындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян сондықтан мен өз мамандығымның салаларына «Жаңартылған білім бағдарламасы» бойынша оқыған білімімді жан-жақты іздене оты- рып болашақ ұстаз, студенттерге географиядан оқыту әдістемесі пәнінде жаңаша бағдарда түсіндіру, оқыту өз борышым деп түсінемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *