Жаңартылған білім беру жүйесі заман талабы

Жаңартылған білім беру жүйесі заман талабы
Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек
Ахмет Байтұрсынов Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды

талап етеді. Бүгінгі басты бағыт бұл орайда орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Еліміздің болашағы болып табылатын жастарға білім беру ұстаздардың қолында. Қазір жаһандану әлемі, технология әлемі.
Жаңартылған білім беру бағдарламаларын, критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты, оқу бағдарламаларын және мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру бойынша бағдарламаны меңгере отырып, теориялық білімдерін жүзеге асырады, тәжірибе жүзінде оны іске асырудың тиімді жолдары қарастырылып, кәсіби пәндік білімдерімізді жетілдіре түседі. Білім беру реформасына сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі кезде XXI ғасырдың дағдылары деп жиі айтылатын кең ауқымды құзыреттіліктерді оқушылардың меңгерулеріне мүмкіндік беретінін және пән бойынша оқу бағдарламалары құрылымының жаңа қырларын зерттеуге және критериалды бағалау моделін енгізудің жолдарын айқындап береді.
Пән бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарлауда мақсат қою, критериалды бағалау, педагогикалық әдістер мен тәсілдер қол- дану және түсіну, саралау әдісі, сонымен қатар сабақты жоспарлауда ша- ғын сабақ көрсетілімнің тәжірибеге әсері туралы рефлексия бағаланады.
Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып, бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолдана- мын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану білім алушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыру- да ерекше маңызды. Бағдарлама барысында өзінің жеке жұмысына неме- се бір-бірінің жұмысына жәй ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың маңызы зор екендігін білдік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *