Жаңартылған білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай

Жаңартылған білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай

Қазір бой жарыстыратын заман емес,
ой жарыстыратын заман.
Н.Ә. Назарбаев

Кез-келген елдің білім беру жүйесі қазіргі заман талабына сай болуы шарт. Ол болашақ ұрпақтың өніп-өсуіне ықпал етеді.
Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсен- ділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана бі-

луге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан бар- лық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлау- ды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б. ) әдіс- тәсілдері кеңінен қолданылады. Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылардың бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру- дың, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білудің маңызы зор.
Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, практи- калық жұмыс және тренинг кезінде тыңдаушылардың қызығушылықта- ры күннен күнге арта түсті. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдер- мен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақ- сы нәтижелерге қол жеткізді. Нәтижесінде «Топтастыру», «Ойлан, жұп- тас, бөліс», «Ақпаратты жаңғырту», «Сұрақ-жауап», «Өз миыңды сал»,
«Стоп-сұрақ» стратегияларын тиімді қолдану арқылы тыңдаушылардың білімдерін бекітіп, білім деңгейін күнде бақылап, бағдарламаның түйінді идеясын барлық курс тыңдаушыларының санасына сіңіруге қол жеткізе алдым деген ойдамын.
Бүгінгі күні дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азамат- тарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі за- ман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқы- тып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Курстың маңыздылығы да міне, осында. Курс аясында жоғарыда айтылған міндеттер мен мәселелер өз шешімін табу- да. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала оты- рып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *