Жаңартылған білім беру жүйесінің педагогикалық мамандар дайындаудағы маңызы

Жаңартылған білім беру жүйесінің педагогикалық мамандар дайындаудағы маңызы
Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.
А. Байтурсынов.
Еліміздің білім саласын жаңарту ісінде педагогикалық мамандар бас- ты рөлге ие. Оларды дайындау ісіне көп көңіл бөлген жөн.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін артты- руда екені түсінікті.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігі- мен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында биологияны жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақ- саттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.
Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыла- рын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бей- несі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағды- ны(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ете-

тіні сөзсіз: «Миға шабул», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пі- кірлер сызығы», «Сана саяжолы», «5 қадам», «Драма әдісі», «Қос диаг- рамма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі», т.б.
Толқынның құлашын кеңге жаюы үшін жел тууы қажет болса, менің тәжірибемнің шыңдалуына мұғалімдер бағарламаның идеясын түсініп, ағынды тасқындай қызу жұмысқа кірісуі серпін берді. Арнайы курсқа жиналған оқытушылар білім беру саласындағы жаңашылдықтардан қа- лыс қалмай, ілесуге ынталы екендіктерін жеткізді.
Қорыта келе, мен мақаламды ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сү- йеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында ала- мыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *