Жаңартылған білім беру бағдарламасы курсының тиімділігі

Жаңартылған білім беру бағдарламасы курсының тиімділігі

Білім – әлемді өзгертуге қабілетті ең қуатты қару
Нельсон Мандела

Бүгінгі ұрпақ ерекше, олар жан-жақты дамығанды қалайды. Осы ретте әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін ата-ана, мұғалім, қоғам, мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалуы керек. Сондықтан қа- зіргі білім беру бағдарламасында жаңа көзқарас қалыптасты. Оны біз сіз- дермен жаңартылған білім беру бағдарламасы деп білеміз. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама біздің өмірімізге еркін келіп қолданылуда. Сабақ беру барысында күнделікті мың сауал қоямыз. Нәтижесі қандай болады? Ұр- пағымыз қандай білім алады? Жетістіктерге жете ме, әлде? Дегенмен де, бұл жаңартылған бағдарлама мемлекет тарапынан қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол себепті жүздеген мұғалім өз білімін жетілдіру мақсатын- да қосымша білім беру курсына қатысуда. Мен де осы педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының білік- тілігін арттыру білім беру бағдарламасы курсына қатысуға бел будым. Негізгі мақсатым – жаңартылған бағдарлама бойынша теориялық курс- тан өтіп, жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеріп, өз тәжірибемде қолдана алу мүмкіндігіне ие болу. Алғашқы күннен бастап топ ішінде оқу барысында жақсы қарым-қатынас орнады. Бізге тренер асқан ыждаһаттылықпен дә- ріс, практикалық сабақтарды жүргізді. Теория мен тәжірибе ұштастыры- лып топпен бірлесіп ұйымдастырылған жұмыс жүргізілді. Әрбір тақы- рыпты талқылап, зерттеп, өз тәжірибемізден өткіздік. Осының негізінде жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жаңа түсінік, жаңа ой, жаңа көзқарас қалыптастырдық деп ойлаймын. Курсты оқу барысында қазақ

тілін оқытудың жаңа басым бағыттары, қазақ тілінің заманауи талапта- ры қызығушылық тудырды. Функционалдық, мәтінге негізделген комму- никативтік әрекет қазақша сөйлеуді одан әрі дамытады деп ойлаймын. Білім процесінде үш тілде оқытудың деңгейлері өте жақсы көрсетілген. Деңгейлік оқытуда сөйлеу қызметінің төрт дағдысын дамытуға көңіл бө- лінеді. Сондықтан уақыт өте келе оқушының сөздік қоры молайып, қор- шаған адамдармен оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алуы көзделеді және үш тілде оқытудың деңгейлері көрсетілген. Бұл тәсілдер мені өте қызықтырды. Келесі қызықты тақырыптардың бірі -қалыптастырушы бағалау тәсілдері. Осы ретте тренермен дыбыстау, серпілген сауал, пікір алмасу, элективті тест, конверттегі сұрақ сияқты түрлері ұсынылды және осы тақырыпты топпен талдау арқылы, жұптаса жұмыс істеу арқылы өз тәжірибемізден өткіздік. Жаңартылған оқу бағдарламасын қарастыру барысында көптеген қиындықтар туындады. Мен үшін терминдер мен анықтамалар қиын болды. Осы ретте қызықты жұмыс ұйымдастырылды. Әрбір топқа конвертке салынған терминдер мен анықтамалар ұсыныл- ды. Тапсырманы орындаудағы мақсаты терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіру еді. Кейін бұл тапсырманы әрбір топ қалай орындағанын көрсетті. Бірнеше рет қайталанған, сәйкестендірілген терминдік анықта- ма есімізде сақталды. Бұл курста берілген мәліметті мен өз пәндерімді оқыту барысында тиімді пайдаланамын деп ойлаймын. Осыған сәйкес мен де, білім алушы да көптеген жетістікке жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *