Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұны

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұны
«Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр. Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр».
Махмұд Қашқари Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне
арналған жаңа білім беру болып табылады.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге ба- ғытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының оқытушыларының кәсіби дамуына ба- ғытталған және студенттердің пәнді терең меңгеруін ұйымдастыра білу, сондай-ақ, алған білімдерін өмір сүру қажеттілігіне қарай қолдана алуын қамтамасыз ету мақсатын нақты орындай білуде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе оты- рып әзірлеген оқу бағдарламалары бойынша құрастырылған педагогика-
лық кадрлардың біліктілігін арттыратын курстың берері өте зор екен.
Біліктілікті арттыру курсында жаңартылған оқу бағдарламалары, әр- түрлі әдістемелік нұсқаулықтар, мемлекеттік оқу стандарттары, оқу-ә- дістемелік кешендер, мультимедиялық ресурстар және де тиімді оқыту әдіс-тәсілдерімен таныстық. Осы курста жоғарыда аталған жаңартылған білім беру бағдарламаларымен бар күш жігерін салып бөліскен тренері-

міз – Қайрат Қыпшақбайұлы. Ол кісі жаңартылған бағдарлама бойын- ша жүргізілген курста дәріс, практикалық жұмыс және тренинг кезінде тыңдаушылардың қызығушылықтары күннен күнге арттыра түсті. Курс барысында мұғалімдер, яғни біз, тыңдаушылар жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса ал- дық. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырыстық. Алайда кейбір тыңдаушылар өте баяу қабылдап, дәстүрлі білім берудегі үйренген әдістерін, ағымда қолданып жүрген бағ- дарлама бойынша өз тәжірибелерін алға тартумен болды.
Осы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар құруды үйрендім, сондай-ақ, ықшам сабақтар топ- тамасын құрастыра отырып, сабақ өткіздім. Келешекте өз сабақтарымда
«Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Бағдаршам», «Сұрақ-жауап»,
«Миға шабуыл», «Стоп-сұрақ», тағы да басқа стратегияларды тиімді қол- дану арқылы білім алушылардың білімдерін бекітіп, білім деңгейін күнде бақылап, бағдарламаның түйінді идеясын барлық тыңдаушылардың са- насына сіңіруге қол жеткізе аламын деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *