Жаңартылған білім бағдарламасы

Жаңартылған білім бағдарламасы
«Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов
Қазіргі уақытта жаңашылдыққа қарай қадамның дамуы барлық сала- да үздіксіз болуы тиіс. Ұстаздардың білімді, құзыретті, кәсіби дайындал- ған маман болуы бүгінгі күннің талабы деп ойлаймын. Елбасымыздың Қазақстан ұстаздарының алдына қойған мақсаты да осы деп түсінемін. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жо- ғары оқу орындарында мұғалімдердің біліктіліктілігін арттыру бағдарла- масы бойынша біліктілікті арттыру курсы мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша білімдерімізді жетілдіру курсынан алғаным көп деп айта аламын. Атап айтсам курс барысында оқытушылар- ға арналған әдіс тәсілдер, оқу үдерісін жоспарлау, критериалды бағалау, оқулықпен және оқу әдістемелік кешенмен жұмыс, ықшам сабақ, оқу жос- парын жасай білу, сонымен бірге бағалау қағидаттары, критериалды баға- лау түрлері: қалыптастырушы, жиынтық бағалау туралы толық әрі нақты мәліметтер алдық. Сабақта оқушының білім деңгейін жаңаша бағалаудың әдістерін талдай отырып, оқу үдерісіне енгізу жолдары, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуды, уақытты тиімді пайдаланудың ұтымды жақтарын біле отырып, әрбіреуіміз жаңа стратегияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қысқа мерзімді жоспар жасауды үйрендік.
«Жақсы адам ғана, жақсы жетекші бола алады», – деп Жүсіп Баласа- ғұни бабамыз айтып кеткендей, тәлімгер ұстазымыз Роза Гайдарқызына зор алғысымды білдірер едім. Өз тәлімгеріміздің әділдігі, мейірімді, бі- лімділігі, бізге өте ұнады. Әсірес, рефлексия мен кері байланысты пай-

далана отырып, Блум таксономиясы, STEM технологиясы, кері дизайн, кейс стади әдістері арқылы нақты мысалдармен көзімізді жеткізе білді. Жаңартылған білім беру бағдарламасында оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіру, сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спираль- ді» тәсілмен бере отырып, қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасатынын түсіне отырып, алған білімімізді тәжірибеде тиімді қолданамыз деп сенемін.
Қорыта айтқанда, ХХІ ғасырда оқушылардың өмірдің барлық салала- рында табысты болуы үшін оларға қажетті дағдыларды дарыту аясында көптеген ақпараттарды қабылдай отырып, жаңартылған білім жүйесінің бағдарламасын оқу үрдісіне пайдалану негізінде жаңа заман талабына сай бәсекеге қабілетті оқушы немесе студенттерді оқытып тәрбиелеу міндеті- міз деп есептеймін. Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын екеніне кәміл сене отырып, барлық білім мен ғылым жолындағы әріптестеріме жас ұрпақ тәрбиелеу саласында толағай табыстар тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *