Жаңартылған білім бағдарламасы – өзгерістің алғашқы қадамы

Жаңартылған білім бағдарламасы – өзгерістің алғашқы қадамы
«Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек»
Н.Ә. Назарбаев Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт

алып барамыз», – деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арт- тыруда екені түсінікті. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Астана қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігі- мен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақ- саттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптас- тырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Домино», «ДЖИГСО», «Инсерт», «Төрт сөйлем», «Фишбоун», «Карусель», «Өрмекші» т.б. Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген тренеріміз Қайрат Қыпшақ- байұлына айтар алғысымыз мол! «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», – деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтыру- шымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді. Алдың- ғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегеніміз- ді қайта түсінідіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *