Жаңартылған білім бағдарламасы-өзгерістің алғашқы қадамы

Жаңартылған білім бағдарламасы-өзгерістің алғашқы қадамы

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады».
К.Д. Ушинский

Елімізде орын алып жатқан өзгерістер кезеңінде келешек ұрпақты бі- лімді етіп тәрбиелеу-қасиетті парызымыз. Заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарлама мемлекетіміз- дің білім беру үдерісіне енді. Бағдарлама негізінде оқушы оқу орнында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек.

Жаңартылған білім беру бағарламасы бойынша оқытушылардың бі- ліктілігін арттыру курсынан алған әсерлерім өте көп.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық, жаңа білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерек- ше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, білім алушы- ның сабаққа деген қызығушылығын оятуына, сергуіне, қажетті 4 дағ- дыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Кім шапшаң», «Шыңғыс хан», «КӘМҚ», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Желпуіш», «Микс жаттығу», «Бинго», «Ішкі және сыртқы шең- бер», «Баланс дөңгелегі» және т.б.
Бағалау жүйесі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өту- де. Білім алушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналы- суына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізі- ле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамта- масыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақ- сатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *