Жаңартылған білімімге жаңаша көзқарас

Жаңартылған білімімге жаңаша көзқарас

Республикамызда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер ен- гізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қа- тар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапа- лы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұр- пақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан курста сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тә- сілдері кеңінен қолданылды. Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда біздің бойымызға тілдік дағдыларды қалыптастырудың, оқы- тудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық техноло- гияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білуді үйреткен еді. Әрине біздің тренеріміз – Тілеуов Қайрат Қыпшақпаевичсіз бұл мақсаттарға өздігінен қол жеткізе алмас едік.
Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, практика- лық жұмыс және тренинг кезінде біздің қызығушылығымыз күннен күнге арта түсті. Курс барысында біз жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алдық. Топтық жұмыс- тың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.
Осыған орай өзімнің көзқарасым курсқа келмес бұрын мүлде басқа болатындығын атап өткім келеді. Дәстүрлі білім беру бойынша оқыған-

дықтан ба, әлде жаңартылған білім беру бағдарламасының мән–жайын толық білмегендіктен болар, бұл жаңашылдыққа теріс көзқараспен қарап едім. Курс барысында түсінгенім бүгінгі күні дамыған елдер жоғары са- палы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бә- секеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушы- ларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай иннова- циялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында. Курс аясында жоғарыда айтылған мін- деттер мен мәселелер өз шешімін табуда. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қа- тарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *