Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,
сол өзгерісті уақытында жаса»
Махатма Ганди Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шең- берінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп келеді. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағыт- қа бет бұрды. Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 17–28 қыркүйек аралығында қазақ тілі пәні бойынша педагогика кадр- ларының біліктілігін арттыру курсы өтті. Курсқа алғаш күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алып, жалпы білім беру мазмұнының ерекшелігімен, өзгешелігімен таныстық. Біз осы оқу бары- сында қазақ тілін жаңа оқыту бойынша «Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері», «Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагоги- калық әдіс-тәсілдер», «Критериалды бағалау жүйесі» тақырыптарымен ақпарат алдық. Тек танысып қана қоймай, оқу пәндері бойынша сабақ жоспарлап, сабақ жоспарымен және ықшамсабақпен жұмыс жасап, тә- жірибе алмастық. Топтық жұмыстың да мән – мағынасын тез ұғып, тың тәсілдерімен бөлісіп таныса алды. Курс тыңдаушыларымен тәжірибе ал- масуда түрлі әдістермен, саралау түрлерін нақтылап табуға және крите- риалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Сонымен бірге оқыту мен
оқу өзара тығыз байланысты үдеріс екенін түсіну маңызды болды.
Мұғалімдер студенттің қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түсетініне көздері жетті деп ойлаймын.

Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған нәрсе – мақсатты оқушы тұрғысынан немесе студент тұрғысынан қою керектігі нақты түсінік қалыптасты. Курстан өте көп жаңалық, білім алдық. Біз- дің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген тренеріміз Тұрсынай Көпжасарова Муафиковна бізге терең білімді, мейірімді бо- лып қана қоймай, түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді. Курс аясында жоғарыда айтылған міндеттер мен мәселелер өз шешімін табуда.
«Жаңа формация педагогы – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген бі- лікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты», – демекші Н. Назарбаев айтқандай жаңа формация педагогы
– шығармашыл тұлға болу керек. Білім беру – шын мәнінде, студенттің өзінің мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс-әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне. студенттің тұлға ретін- де үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *