Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны

Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны

«Қазір бой жарыстыратын заман емес,
ой жарыстыратын заман»
Н.Ә. Назарбаев Бүгінгі күні білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алып жатыр. Бұл өзгерістердің тереңдігі соншалық, білім беру мақсаттарында, құнды-

лықтарына, әдістеріне және сонымен қатар құралдарына қатысты болып отыр. Педагог кадрларды даярлайтын колледж оқытушыларының білікті- лігін арттыру курсының оқытушыларға әдістемелік жағынан берері көп. Қазіргі оқытуда оқытушыда функционалдық сауаттылық болу керек. Бо- лашақ мамандарға инновациялық әдістерді меңгерту, талдау дағдыларын қалыптастыру маңызды.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – білім алушы тұлғасының қолайлы білім беру ортасын құра отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу.
Курс барысында жеке, жұппен, топта жұмыс жұмыс жасай білу, шы- ғармашылықты тиімді қолдануды және оны жүзеге асыру үшін тиімді оқыту әдістерімен таныстым. Сондай-ақ критерийді дұрыс құру, деск- риптор құру, саралау түрлерін, ауызша және жазбаша кері байланыс құру жолдарын, қалыптастырушы, критериалды бағалау тәсілдерін, сабақ жоспарында блум таксономиясының кезеңдерін, тіл сабақтарында тілдік дағдыларды қолдануды үйрендім, оқу мақсатын дұрыс қоюға, мақсатқа сай сабақта түрлі әдістер қолдануға дағдыландым.
Жаңартылған білім бағдарламасы курсы барысында саралау түрле- рін: мақсат бойынша саралау, нәтиже және жауап бойынша, ресурс және мәтін бойынша, диалог бойынша, оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы, мазмұн бойынша саралауды үйреніп, сабақ үрдісіне қолдандым.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционал- дық сауаттылығын қалыптастыру. Білім алушылардың жалпылама мақ- сатқа емес, метатанымдық мақсатқа көбірек көңіл бөлуіміз қажет екенін білдім. Сонда ғана студенттер алған білімдерін өмірде пайдалана алады. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Білім алушы- лардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз маман- дығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *