Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курстың маңызы

Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курстың маңызы

«Тәрбиеден мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес. Келешек өз заманына лайық қылып шығару»
Мағжан Жұмабаев

Қазіргі қоғамның жаңы сатыға көтерілуі еліміздің білім беру сала- сында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни, ол білім беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа мін- деттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.
Әлемдік аренада жеке тұлғаның бәсекеге қабілетті болуына бағыттау жаңашылдығымен өзекті. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілет- тілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан бі- лім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс.
Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтар- дың біліктілігін арттыру курстарында алған жаңа білімдері мен дағдыла- ры аса маңызды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тың тәсілдерді, білім беру бағдарлама- сындағы оқу мақсаттарына жетуде қалыптастырушы бағалау тәсілдері, белсенді оқу түрлері, саралаудың түрлері, блум таксономиясының кезең- дерін және блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу,
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары және оларды са- бақта жүзеге асыруды үйрендік.

Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын үш құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және бағалау құралдарымен танысып, жұмыс жасадық. Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ға- сыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту. Бағдарламаны мең- геру барысында үйренген әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті төрт дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Төрт түрлі тілдік дағдыларды мең- геріп, әр түрлі ортада өз ойын еркін де сенімді жеткізіп, ашық қорғай алу мүмкіндігімен өзекті.
Функционалдық сауаттылық «қазақ тілі» пәні бойынша оқушының тіл сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытады, логикалық қабілеттері мен когнитивтік қабі- леттерін кеңейтеді. Пәнді жаңаша көзқараспен оқыту барысында ұлттық құндылықтар, жеке тұлғаның ұлттық тілге, танымға, тәрбиеге деген көз- қарасын қалыптастырады. Сол арқылы ұлттық таным мен жаһандық аза- маттық танымы, позициясы қалыптасады. Адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңартылған білім беру бағдарламасы өз елінің шынайы пат- риоты болатын азаматты қалыптастырады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *