Жанашыл мұғалім болу жаңа заман талабы

«Жанашыл мұғалім болу жаңа заман талабы»
«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады»
Генри Форд Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілетті оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады. Сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламала- рының талабына сай инновациялық әдіс тәсілдерді оқытып ой өрісі кең саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Білім беру жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы курстың маңызды- лығы да міне осындай курс аясында жоғарыда айтылған міндеттер мен
мәселелер өз шешімін табады.

Жаңартылған білім болашақтың негізі, оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономика- лық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты со-
ған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері жобалау, өз пікірін жазбаша рәсімдеу әдіс тәсілдерін кеңінен қолданады.
Еліміздің білім саласына кезең кезеңімен енгізіліп жатқан білім бағ- дарламасы басты мақсаты сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан жанашыл ойлай білетін, рухы мықты өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын кез келген ортаға биімделіп кете алатын азаматты тәрбие- леу. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»деп данагөйіміз Әл Фараби айтқандай тәрбие мен оқу ажырамас байланыста.
Оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін сабақта тиімді қолдануға сабақтар- ға талдау жасауға шеберлік сабақтары арқылы дағдыландым. Білім алу- шыларды жеке тапсырмалардың критерийлерімен таныстыру, дискриптор құру, сұрақтарды тиімді қою ауызша жазбаша кері байланыста қамтамасыз ету сыныптасын және өзін өзі бағалауға үйрету, жалпы оқу үрдісін ұйым- дастыру жұмыстарының ерекшеліктерімен іс жүзінде таныстым.
Мысалы «Шығыс базары», «Ақпаратты жаңғырту» «Өз миыңды сал»
«Стоп Сүрақ» т.б. стратегияларын тиімді қолдану арқылы білімдерін бе- кітіп білім деңгейін күнде бақылап бағдарламаның түйінді идеясын сана- сына сіңіруге қол жеткіземіз.
Білім алушылар жаңалыққа жаны құмар болады. Сондықтан әдіскер оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарапжаңа заман талабына сай озық дәстүрлерімен сусындап білімдерін жетілдіріп отыру керек.
Отандық білім беру саласындағы әлемдік тәжірибе алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып жаңаша ойлай алатын білікті мұға- лімдер қатарын көбейтсек жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *