Білім – өзіңіз ашқан жаңалық

Білім – өзіңіз ашқан жаңалық
«Тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана – білім».
Л. Н. Толстой
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген Шоқан Уәлихановтың ойын мен бүгінгі өмірімізден айқын

көретіндеймін. Себебі, тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда білім беру жүйесі ең сынақты басынан көп кешірген, реформалардың сан алуанын тексе- рістен өткізген сала екені даусыз. Білімнің ізденіспен келетіні секілді, отандық білім беру жүйесі де белсенді ізденісте деп ойлағың келеді. Осындай ізденістің арқасында 2008 жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектептері пайда бол- ды. Дарынды балаларға жаңа мазмұнды білімді озық технологиялармен оқыту мақсаты осы жылдар ішінде өзінің алғашқы жемістерін де бере бастады.
Соңғы жылдары зияткерлік мектептерінің бағдарламаларының жап- пай мектептерге енгізіле бастағанына куәміз. Бұл бағдарлама жаңартыл- ған білім бағдарламасы деген атау алды. Жаңартылған білім бағдарла- масын меңгеру үшін мұғалімнің педагогикалық білім мазмұнын қайта қарауы немесе білім беру машығымен қайта «қарулануы» қажет. Мен де солардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогикалық ше- берлік орталығының курсынан өттім.
Альберт Эйнштейн «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үй- ретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» дейді екен. Мен оны оқушы өзіне қажетті білімді өзі табуы керек, ал оқытушы білімді алу жолын, әдісін үйретуші деп түсінемін. Маған осы курсты өткізген же- текшім Абай Батырұлы оқушымен позитивті және тиімді жұмыс жасаудың алуан әдістерін көрсетті. Критериалды бағалаудың мазмұнын, түрлерін, оны қолдану әдістерін практикада іске асыруды жеке-жеке жасатып үйрет- ті. Қысқа мерзімді жоспардың қыр-сырын түсіндіріп, «ҚМЖ» түнде түске енетін құжаттар қатарынан орын алды. Оқытушы-ұстаздың артықшылық- тарының бірі өз оқушыларын оқытатыны ғана емес, олардан да сабақ ала білуінде екенін (рефлексия) шебер жеткізді.
Мен үшін Астанада өткен осы екі апта танымдық жағынан да, тәжіри- бе алмасу және жаңа машықты меңгерген мұғалім қандай болатынын (сол Абай Батырұлына меңзеп тұрмын) көріп танысу жағынан да пайдалы бол- ды. Педагогикалық жоғары оқу орнының өкілі ретінде мұғалім даярлауда неге көңіл бөлу керек. Олардың білім бағдарламасын күшейту үшін қандай жаңа пәндер енгізу қажет деген сұрақтарыма бағыт алдым деп ойлаймын.
Мектепте білім алатын әрбір талапты жас білімді өз күшімен, өзі аш- қан жаңалығы ретінде бойына сіңіруі қажет. Сол әрекетті ұйымдастырып, көзінде жаңа білім оты жанған оқушыны көру құбылысын әр сабағында басынан өткеретін ұстаз қандай бақытты!!!
Мені сондай күндер күтіп тұр…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *