Білім мазмұнын жаңғыртудағы ұстаз құзыретінің актуальдылығы

Білім мазмұнын жаңғыртудағы ұстаз құзыретінің актуальдылығы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі білім берудегі басты бағдар білімі, іскерлігі, ойлауға қабілеті ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әлемдік стандарттар негі- зінде еш қиындықсыз жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптасты- ру. Осы жағына айрықша бетбұрыс жасалып отырған қазіргі қоғамымыз- да оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге барынша күш жұмсалуда. Соның негізінде қазіргі білім беру салаларында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасы- ның түпкілікті мақсаты – білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілді- ру, бағдарламаларды жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жаңғырту. Білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалім- дердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субьектісі – мұғалім. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушы- сы және үйлестірушісі бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдіс- тер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар – тек педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол

мұғалімді алмастыра алмайды. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Барлық білім беру қызметкерлері сияқты, менің де мақсатым өз пә- німді оқыту сапасын арттыру. Осыған байланысты, Мағжан Жұмабаев- тың: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайды, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кете- ді» деген сөзін басты қағида санаймын. Сол себепті әрдайым оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапа- сын арттыруға тырысамын. Оқушының ізденімпаздық қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденісі артады. Жалпы жас талапты шығарма- шылық бағыттағы ізденісін ұйымдастыруды бірнеше кезеңдерге бөліп қа- растыруымызға болады. Ұстаз мақсаты – оқушыларға тағылымды тәрбие, білім берумен қатар олардың өмір сүруге, жаңашылдыққа деген ізденіс қабылеттерін шыңдап отыру. Әрине, ол үшін уақыт көшімен жарысқан заман талабына сай ұстаз да үнемі ізденіп отыруы шарт. Бауыржан Момы- шұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелей- ді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егінші- сін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген ұлағатты ойымен бекіткеніміз абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *