Білім беру: ізденістер болашағы

«Біз «білім ғылым инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз».
Н. Назарбаев
Білім беру: ізденістер болашағы
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес елімізде бәсекеге қабілетті аза- маттарды дайындау үшін ең алдымен оқытушылардан бастау алған жөн. Жаңартылған білім берудің ең бірінші мақсаты ол оқушыға бар білген мә-

ліметті жеткізіп, түсіндіру емес, оқушыларды алған білімдері бойынша оны тәжирибеде қолдану ең басты фактор болып отыр. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін еңгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады. Дамыған елдер- дің көбінде білім беру саласындағы өзгерістер 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың ортасында аяқталған болатын. Ал біздің елімізде жа- ңартылған білім беруге көшу енді ғана басталуда. 2016-2017 оқу жылында еліміздің барлық дерлік мектептеріндегі бірінші сынып осы жүйеге көш- кен болатын. Осылайша жаңартылған білім кезең-кезеңімен оқу бағдарла- масына еніп жатыр. Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұны- ның жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Тапсырмаларды саралап, әр оқушының қабілетіне байланысты тапсырмаларды әзірлеп, кейін оларды бір деңгейге жеткізу бұл бағалаудың мақсаты болып саналады.
Педагог кадрларды даярлайтын колледж оқытушыларының біліктілі- гін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бұл жағдайда білім беру процессін реттеуге көмектеседі. Бұл бағдарлама колледж оқытушыларын жаңартылған білім беру саласындағы орта білім беру мазмұнының мақ- сат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстыруға бағыттал- ған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде орта білім беру жүйесін- дегі критериалды бағалау жүйесін еңгізу, ішкі құрылымымен таныстыру болып саналады.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бұрын соңды білмеген ақпараттармен танысып, педа- гогикалық мамандықтың қыр сырын үйретуге баулиды. Екі апталық курс барысында топқа бөлу әдісін, ресурстарды тиімді қолдану жолдарын, жаңартылған білімнің қалай және не себепті елімізде қолданысқа еңгі- зілгені туралы мол ақпарат алдық. Метатаным, тапсырмаларды кезеңге бөліп, рефлексия жасауды кезең кезеңімен қарастырдық. Жаңартылған білім берудегі оқушылардың принципінің бірі – «біз бір-бірімізді оқы- тамыз, демек бір-біріміз үшін жауаптымыз» осы әрекет арқылы оқушы- ның бойында бір жағынан білімге деген құштарлық оянса, бір жағынан жауапкершілік сезімі де оянады. Курс барысында алынған білім мен жаңа тәжірибені алдағы уақытта қолданып, әрі қарай зерттеп, жүзеге асыра- мын. Жас ұрпақты тәрбиелейтін маман дайындауда қажетті, бағалы білім алған курсқа қатысқаныма қуаныштымын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *