Білім беру мазмұнын жаңарту – уақыт талабы

Білім беру мазмұнын жаңарту – уақыт талабы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Н.Ә. Назарбаев.

Қазіргі таңда білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шындық. Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Қазақтың талантты ұлы ұста- зы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», – деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформалары- ның негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бе- йімдеу. Сондықтан да жаңартылған білім беру бағдарламасын толығымен меңгеру білім саласында қызмет атқаратын әр адамға ауадай қажет. Атап айтатын болсақ, мектеп мұғалімдеріне ғана емес, ЖОО-ң оқытушылары- на да маңызды болып табылады. Себебі, ЖОО-ң оқытушылары болашақ ұрпақты оқытатын мамандар дайындайды. Осыған орай қазіргі кезде мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктіліктерін артты- ру курстары мен семинарлар ұйымдастырылып жүр. Ол ЖОО-ң оқы- тушыларына үлкен көмек. «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру» курсынан алған әсерлем өте көп. Курс өте пайдалы, өйткені нормативті құжаттардың дәлірек айтқанда, стандарт, оқу бағдарламасы мазмұнын қа- растырып, сабақтың маңызды компоненттері (оқыту мақсаты, сабақтың мақсаты, тапсырмалар), жоспарлау түрлері (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар), бағалау критерийлері, дескрипторлар, ойлау дағдылардың деңгейі, тапсырмалар жиынтығы деген түсініктерді біліп қана қоймай, олардың өзара байланысын, ерекшеліктерін жете меңгеруге

көмектесті. Сондай-ақ сабақтың мақсатын қойғанда SMART критерийі болуы қажет. Нақты айтқанда сабақтың мақсаты – нақты, өлшемді, қол жетімді, шынайы және уақытпен шектеулі болу керек. Сонымен қатар қазіргі бағдарламадағы бағалаудың бір түрі критериалды бағалауды айта кеткен жөн. Егер дәстүрлі бағалау жүйесінде мұғалім бес ұпайлық жүйе бойынша бағалаған болса, ал критериалды бағалау ашық бағалау, яғни жыл бойы баға берілмейтін, бірақ кері байланыс арқылы жүзеге асырыла- тын қалыптастырушы бағалау. Ол бөлім немесе тоқсан бойынша жиын- тық бағалау арқылы орындалады. Қазір ұстаз үшін ата-аналар мен оқу- шыларды кері байланыс жасауға үйрету маңызды болып табылады. Кері байланыстың түрлі формалары арқылы (ауызша, графикалық, жазбаша және т.б.) ата-ана баласының жетістіктері туралы біле алады. Сабақтың мақсаты дұрыс қойылса, студенттер бағалау критерийлерін білсе, үздіксіз кері байланыс, рефлексия жасау арқылы нәтижеге жете алады. Сонымен қатар ойлау дағдыларын дамытуда Блум таксономиясының маңызы зор. Сабақтың тиімді әрі қызықты өтуіне сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған «Фишбоун», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Тыңдап отр- ған үштік» сияқты түрлі әдістерді қолдану өте тиімді болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *