Білім беру жүйесін жаңарту – ел дамуының негізі

Білім беру жүйесін жаңарту – ел дамуының негізі

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесі тең ететін – білім»
Н.Ә. Назарбаев Қазіргі жаһандану жағдайында әлем елдерінің арасындағы түрлі са- ладағы бәсекелестік күшейіп отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өт- кендей, дамыған елдердің қатарына қосатын, терезесі тең ететін – білім екендігі сөзсіз. Соған байланысты, тәуелсіздік алған жылдардан бері жүргізіліп отырған білім беру жүйесіндегі ізденістерді, жүзеге асырылып жатқан реформаларды заңдылық ретінде қарастырамыз. Олардың мақса-
ты ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру болып табылады.
Бүгінгі күні еліміз орта білім беруде жаңартылған білім мазмұнына көшіп, 12 жылдық білім беру жүйесін енгізуге дайындық жасауда. Жаңар- тылған білім беру мазмұнына көшудің мақсаты – ел дамуын, бәсекелестігін қамтамасыз ететін жан-жақты білім алған, білімін күнделікті өмірде қолдана алатын, шығармашыл, көпшіл, әлеуметтік жауапкершілігі бар, сыни тұрғы- дан ойлана алатын, толерантты, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, кез-келген ортада, ұжымдық жұмыста коммуникативті бола алатын тұлғаны дайындап, тәрбиелеп шығару. Бұл ретте, педагог кадр- ларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы- ның біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасының мазмұны осы мақсаттарға толық сәйкес келеді. Курстың оқу бағдарламасында жаңар- тылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері, тиімді оқыту және оқу, оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер, критериалды бағалау жүйесі, қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерісі, оқу пәнде-

рі бойынша сабақ жоспарлау, сабақ жоспарымен жұмыс істеу, мұғалім көш- басшылығы сынды мәселелер қамтылған. Аталған мәселелердің көпшілігі соңғы жылдары оқытылған біліктілік арттыру курстарына (деңгейлік, т.б.) қатыспаған мен үшін жаңалық болды. Курсты оқу барысында орта білім берудің жаңартылған мазмұнының құрылымымен, оның ерекшеліктерімен алғаш танысуға мүмкіндік туды. Курсты оқу барысында жаңартылған орта білім беру мазмұнындағы идеялардың жоғары оқу орнындағы қазіргі оқыту жүйесінің қағидаттарымен астасып жатқандығы байқалады. Ол қағидаттар: тиімді оқыту және оқу, бағалаудың жаңа жүйесі, мұғалім/оқытушы көшбас- шылығы. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім беру Болон жүйесі бойынша кредиттік технология бойынша жүзеге асырылуда. Оқытудың кре- диттік технологиясы да біз атап өткен үш негізгі қағидатты жүзеге асыруды көздейді деп айтуға болады.
Курста алған білімдерімізді әсіресе, білім бағытындағы мамандықтар бойынша болашақ маман (яғни, мектеп мұғалімін) дайындауда кеңінен қолдануға болады. Дегенмен, бізде білім берудің жаңартылған мазмұны жоғары мектептің білім беру жүйесінде де көрініс тапса деген ұсыныс бар. Тіпті, пәнді оқыту әдістемесімен бірге жеке пән ретінде енгізілсе де артық болмайды деп есептейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *