Білім берудің жаңа мазмұны

Білім берудің жаңа мазмұны

«Халықты халықпен, елді елмен теңестіретін – білім» – деп, ұлы жа- зушы М. Әуезовтың айтқан ұлағатты сөзі ұлы мақсатпен игі бастамаларға бастайтын бағдар сияқты. Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселе- сі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақөмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, білім алушылардың бойында ХХІ ғасыр дағды- лары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру мін- деті тұр. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген Жоғарғы сынып мұғалімі бола- шаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын. Сондық- тан да болашақ ұстаздарға жоғарғы сыныпта әр сабақта әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе екендігін ұғындыруымыз қажет.
Осы бағытта елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберін- де жоғарғы сыныптағы білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты екі апталық біліктілікті арттыру курысына үлкен құлшыныспен келдім. Тренеріміз Тұрсынай Муафиков-

на білім берудің жаңартылған мазмұнымен түбегейлі таныстырып, жа- ңаша көзқарастың пайда болып, алдыма жаңа міндеттердің қойылуына септігін тигізді. Курс барысында жаңартылған оқу бағдарламасы туралы ақпарат беріп, сабақты жоспарлау, сабақ беруге көмектесетін ресурстар, оқулықтар мен нұсқаулықтарды қолдану және критериалды бағалау жү- йесін қолдану бойынша біраз ақпарат алдық. Білім арттыру курсында бағдарламаны меңгеру мақсатында әзірленген әдістемелік оқу құралы берілді және одан әрі қолдануымыз қарастырылған.
Жоғарғы сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламасының мәні, оқу- шының функционалды сауаттылығын қалыптастыру мен өмірмен байла- нысқа құрылған. Оқушы бойына қажетті 4 дағдыны (айтылым, тыңда- лым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететін түрлі әдіс-тәсіл- дерді білдік. Оқыту мақсаттарын анықтау, бағалау критерийлерін құру, белсенді оқуға негізделген жаттығулар арқылы қысқа мерзімді сабақты жоспарлауды үйрендік. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерек- шелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған математика және жаратылыс- тану пәндері бойынша оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды құрастырып, ықшам сабақтарды өткізу барысында қол жеткіздік. Ықшам сабақтардың ұтымды тұсы сабақ берген сайын бір-бірімізден үйренеріміз көп болды. Аталған курс барысында мен кәсіби тұрғыдан жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтардың қыр-сырын зерттеп, көкейімде тұрған сұрақтардың жауабын толық алдым.
Қорыта айтқанда, сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қа- руланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Жан дүниеңді рухани жан азығымен, дүниетанымды байыта түсіп, өз – өзімізді қамтамасыз ету және жоғарыда аталған бағдарламаның әдіс – тә- сілдерін жетік меңгеріп, оны тәжірибе жүзінде қолдану, одан әрі дамыту біздің парыз – міндетіміз. Сөз соңында екі апта бойы бар білгенін бізге үйретіп, курсты түрлі әдістермен шебер ұйымдастыра білген Тұрсынай Муафиковнаға алғысым шексіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *