Білім берудің жаңа мазмұны-жаңаша талаптар

Білім берудің жаңа мазмұны-жаңаша талаптар.

«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Н.Ә. Назарбаев

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Ен- деше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық

деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екенін түсінікті. Қазақстан Республи- касында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдері- сінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны жаратылстану бағы- ты бойынша Астана қаласында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Пе- дагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 17 қыркүйек пен 28 қыркүйек аралығында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдар- дың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасында оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Тәжірибе ба- рысында оқытудың тәсілдерін танысып қана қоймай іске асырдық, түрлі тапсырмалармен жаттығулар әзірледік.
Курстан өте көп жаңалық, білім алдық. Біздің білімге деген құштарлы- ғымызды арттырып, дәріс берген тренеріміз Тлеуов Қайрат Қыпшақбайұ- лына айтар алғысымыз мол. Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді. Курс аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақтарымызды, қызықты өтті.
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім дең- гейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа техно- логияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермиді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенді- лік арқылы жүзеге асады.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі студенттерді алға ынталандырып, бірін-бірі бағалауға үлкен қадам жасауға жетелейді. Әр сабағымда сандық технологияны, АКТ-ны, диалогтік оқытуды ке- ңінен қолдана бастадым. Сонымен қатар «Топқа бөліну», «ЖИГСО»,
«Ойлан-жұптас-бөліс», «Өрмекші», «Рөлдік ойын», «АВС» стратегия- лары, «Венн диаграммасы», «Текстологиялық карта», «Семантикалық карта» т.б. өз сабақтарымда жиі қолданысқа түсе бастады. Семинар сабағы кезінде дарынды және талантты студенттер топты өнерлерімен таң қалдырды.

Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру-жеке тұлғаның жан- жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол.
Болашақта біздің саналы да, парасатты студенттеріміз заманауи тұр- ғыда қалыптасқан мұғалім тұлғасына айналатынына мен сенімдімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *