Білім-бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ-әлде кімнің азығы

«Білім-бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ-әлде кімнің азығы» деп атамыз Мұхтар Әуезов бекер айтпаған. Білім адам өмірінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтанда әрдайым әр адам білім алуға, үйренуге, бі-

луге, тануға талпыну керек деп ойлаймын. Ал мен өз білімімді арттыру мақсатымен Астана қаласындағы мұғалімдердің шеберлігін арттыру ор- талығында курстан өттім.
Қазіргі таңда жаһандану кең қанат жаю кезеңінде, ұстаздар қауымы- на үлкен жауапкершілік артылуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бола- шақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұс- таздың басты міндеті деп білемін. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс -әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту ма- ңыздырақ болып отыр.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалып- тастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер баршылық. Сондықтан да мұғалімнің басты мақсаты-оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс- тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жа- ңаша сабақ құрылымын жоспарлауды, оқып үйренген әдістер оқушылар- дың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетеді. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәти- желі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін байқадым. Жаңартылған оқу бағдарламасында алған теориялық білімімді тәжірибе- мен ұштастыру – менің міндетім. Жалпы алғанда, білім саласындағы бұл жаңашылдық – әлем дамуының бірден-бір сатысы деп білемін. Осы тә- сілдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін же- тілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық

ерекшелігіне мән беру. Жаңартылған білім беру бағдарламасының нәти- жесінде – тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен тіл табыса алатын оқушылар болады деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, ұстаз тарапынан бұл бағдарламаның жаңашылдығы- мен бірге әр ұстаздың бойында шығармашылыққа толы, заманауи техноло- гияны саналы түрде оқып-білуде, көп жаңалықты үзбей кәсіби шеберлікте жиі пайдаланамын. Білімнің шексіз жаңалықтарын орынды, тиімді іске асыру жолдарын тиянақты орындауға болады. Біз бүгінгі міндеттерді жү- зеге асыру арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз. Шәкірттің білімді болуы – ұстаз қолында». ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұр- пақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *