БАЛҚАШТАҒЫ СУ ПЕРІСІ|ӘҢГІМЕ

Балқаш. Зәмзәм суындай тәтті тұнық көлдің маңайында бір кішкентай бала ау құрып, балық аулап жүр. Жанындағы балалар баяғыда үйлеріне кеткен. Ауды балыққа әбден толтырған ол көлдің жағасынан жылтыр бірденені байқағандай болды. Қолындағы ауды арбаға тие салысымен көлге жақындады. Алыстан өзін желіктіріп тұрған зат-маржан болып шықты. «Қандай әдемі!» – деп жалаңаяқ қолымен ала бергені сол еді біреу білегінен шап беріп ұстап алды. Жүрегі дір ете қалған бала басын жоғары көтеріп, бейтанысқа тура қарады. Шашы сыпыртқыдай айбақ-сайбақ, аяғының орнына балықтың құйрығы бар әйел балаға көрпеге оранған сәбиді ұстатып, жоқ болып кетті. Алғашында шыңғыра жаздап, қатты қорқып қалған бала сәбиді тастамастан жан-жағына тағы бір көз шалып өтті. Ешкім жоқ. Ол дереу сәбиді алысымен ауылына қайтты.

         Киіз үйдің іші. Майшамның жарығын қанағат етіп отырған бала ақ кимешектегі анасына қарады. Орта жастағы көрікті әйел сәбиді бесікке салып, тербетіп отыр. Арада үнсіздік орнады. Шамасы, сәби қалың ұйқыға кетсе керек. Әйел бесікті ақ орамалмен жапты да ұлына бағанағы сұрақты қайталап қойды. Бірақ ұлы өзінің бастапқы тұжырымын тәптіштеп айтты. Әйел бесіктегі сәбиге бір қарады да,  сәл ойланып ұлына: «Бекайдар, әкең ұзақ сапардан бірнеше күнде оралады. Біз мына кішкене бөбекті не істейміз? Ауылда қалса өсек болады» – деді. Шашында кекілі бар, қой көзді, сүйкімді ұл адуынды әкесінің мінезін  жатқа білгендіктен анасына жымиды да: «Анашым, баласы жоқтарға апарып берейік» – деді тәтті үнмен зерек бала. Осы сәтте ауыл төбеттері арс етіп үре бастады. Баласы мен анасы селк етті. Киіз үйдің есігі қағылды. Анасы іштей дұға оқып, жолдасын жылы жүзбен қарсы алды. Алыс жолдан шаршаған күйеуі бірден жерге жантая кетті. Тумысынан байқампаз ол бесікті көрді. Бірақ ашуланбады. Әйелін мұқият тыңдады. Тыңдап болған соң: «Жарайды, таңертең бір шешімге келерміз» – деп шырт ұйқыға кетті. Артынан бала мен анасы қылмыс жасағандай қалшыпдап барып бір-ақ жатты.

         Таң. Арайлап атқан күннің сәулесінен ерте оянған бала есіне сәбиді алып, бесікке аяңдады. Құдайға шүкір, сәби тәтті ұйқыда жатыр. Алайда төсекті ылғал қылған секілді. Анасын әуре қылғысы келмеген бала сәбидің жөргегін ауыстырмақшы болып еді адамның аяғының орнына балықты көріп, шыңғырып жіберді. Қиқулыған қаздың үніндей ащы шыққан дауыстан ата-анасы оянып кетіп,  баланың  жанына лезде келді. Олар да аң-таң болды. Бірақ айғаламады. Сабырлық сақтады. Баласы талып жерге құлады. Әйелі не істерін білмей есеңгіреп тұрғанда жолдасы малай баланы шақырып алып, тәуіпке жіберді. Әне-міне дегенше тәуіпте келді. Тәуіп ең алдымен Бекайдарды алдараспанмен аластады да, кейін бесікті аластауға көшті. Бұ кезде ата-анасы далада болды. Малай бала сабанды арбаға тиіп жүріп жас жұбайларға «Ағатай, тәуіптің келгеніне қарағанда бірнәрсе шынымен де болған сияқты. Бекайдар аман ба?» – деп өткір тілімен оларды шағып алды. Бұл – Тазша еді. Басы таз, бірақ сымбатты, өзі ақылды баланың қағілездігін үй иесі ұнатпайтын. Қожайын: «Тәйт» – деп Тазша балаға жекірді. Тазша осы үйде қара жұмыс істейтін жасы Бекайдардан бір-екі жас үлкен сұңғақ бала. Оның қонысы – қора, ойнайтын жері – кең дала. Тазша Бекайдардай медресеге бармаса дағы, сауатты. Осы үйге келгенге дейін білім алған. Бірақ баланы асырауға жағдайы болмаған соң ата-анасы оны Бекайдардың әке-шешесіне табыстайды. Осылайша, күнұзаққа шейін қой бағып, су тасып, балық аулап Ұлтанның үйіне қызмет етеді. Ұлтан болмысынан  жағымсыз адам. Сұлу келіншекті қалың мал арқылы ұтып алған. Қара сүйектерді өлердей жек көреді. Алайда әйелінің өтінішімен оларға жалған ілтипатпен қарайды. Ұлтанды сіз сұрықсыз бейне қылып елестеткен шығарсыз. Әрине, жан дүниесі түтін оның. Бірақ келбеті емес. Нарттай мінезді болғанымен, өте сымбатты. Құдды, бүгінгінің сері жігіттері секілді. Қасы қалың, кең жауырынды, қара шашты, қою көзді орта жастағы жігіттің ашуланшақтығы болмаса, келбетілердің ішіндегі ең келбеттісі дерсің.

         Тәуіп шал өз ісін тыңдырып болған соң үй иелерін ішке шақырды. Олардың артынан Тазша еріп кіргісі келді де, батылдыққа бара алмайтынын сезіп, артқа қадам басты. Киіз үй. Бекайдар оянды. Сәби де. Әйел бесікті әрі-бері әлсін тербеп, ән шырқады. Бұл – бесік жыры еді. Бекайдардың әкесі Тәуіп шалмен тысқа шықты. Олар бірнәрсе деп әңгімелесті. Бекайдар анасының бос еместігін пайдаланып, далаға зытып шықты. Ол киіз үйдің артынан тыңшылар іспетті барлығын үтір-нүктесіне дейін тыңдап тұрды. Бірақ ештеңе естілер емес. Тәуіп шал өте сақ кісі екен. Әңгімені барынша ақырын дауыспен баяндады. Бір кезде біреу Бекайдардың арқасынан қақты. Ол Тазша баланы көріп, сабасына түсті де өзінің назын  айтты. Тазша Бекайдарды көлеңкелі жерге алып шығып, әкесі мен Тәуіп шалдың әңгімесін түпнұсқасымен айттып берді. Бекайдар басында сеңбегенін танытып, біраз ойланды да Тазша балаға: – «Сонда қалай, әлгі сәби су перісі ма?» – деді.

  • Болғанда қандай. Әлбетте, су перісінің қызы. Алайда, өскенде анасы сияқты балық аяқты болмайды. Себебі, Тәуіп шал сәбиге киелі шөп берді. Енді оның аяғы біздердікіндей болады. Я болмаса, адамдар сияқты, – деді жадыраңқы жүзбен Тазша бала.

         Бекайдардың анасы ұлын шақырды. Түскі ас. Барлығыш дәнене болмағандай тамақтанды.

(Жалғасын Алтыншаш Курманаеваның «Балқаштағы су перісі» атты кітабынан оқи аласыздар)

https://ridero.ru/books/bal_ashta_y_su_perisi/

Ескерту! Материалды көшіруге тыйым салынады! Авторлық құқықты сақтаңыз! Материалды тек автор келісімімен жариялауға болады! 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің

филология бөлімінің 1 курс студенті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *