Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары

 

1. Туынды сөздер жайлы түсінік.
2. Сөзжасамдық ұя ұғымы.
3. Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы.
4. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип ұғымдары.
5. Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі.

Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына, сөзжасамдық мағына жатады.
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел т.б.
Сөзжасамдық ұя — сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:негіз сөздің қай сөз табына жататыны; негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Мысалы:келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б. Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.
Бақылау сұрақтары:
1. Туынды сөздер дегеніміз не?
2. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тұлға қалай жасалады?
3. Сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
5. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *