Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі. Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі

Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі. Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі.

1. Септік категориясы және септік жалғауы, тарихы, зерттелуі.
2.Септеудің екі түрі: жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер.
3.Атау септігі, сұраулары, синтаксистік қызметі.
4. Ілік септігі, табыс септігінің жалғаулы және жалғаулықсыз қолданылуы.
5. Барыс септігі, жатыс септігі, көмектес септік оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі.
6. Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі.

Септік категориясы есім сөздерге тән. Заттар мен құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастар әр түрлі септік арқылы көрініс табады. Мысалы: үй+дің терезе+сі — меншіктеуші қатынас, үй+ге бара+мын — бағытты білдіреді. Басқа септіктердің бәріне негіз болып тұрған септік – атау. Сондықтан да, оны кейде негізгі септік деп атайды, ал қалғандарын жанама септіктер деп атайды. Атау септігінде дербестік бар. Ол негізінен атауыштық қызмет атқарады.Түркі тілдерінде атау септігінің өзіне тән көрсеткіші жоқ. Басқа септіктердің өзіне тән ондай жалғаулары бар. Олар міндетті түрде басқа бір сөзбен тіркесіп айтылады, жеке қолданыла алмайды. Оларда (жанама септіктерде) тиянақтық жоқ деуіміз сондықтан.
Септік жалғауы сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатысынан туатын әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болғандықтан, оның жалғаулары да, мағыналары да әр түрлі. Ал, қазақ тілінде 7 септік бар, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағына береді. Сөзге қандай жалғаулардың жалғанғанына қарап, ол сөздің қай септікте тұрғаны ажыратылады және олардың сұрақтары әр түрлі.Зат есім мен есім сөздердің қайсысы болса да, септік жалғаулары арқылы түрлене алады. Сөздің септік жалғаулары арқылы түрленуі септік парадигмасы деп аталады.
Жіктік жалғау — қимыл-әрекеттің, істің жақтық мағына арқылы кімге қатысты екенін білдіретін қосымша. Осымен байланысты жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш сөзге жалғанып, қимыл-әрекеттің, істің иесі бастауышпен оны байланыстырады. Ал баяндауыш негізінен етістіктен болатындықтан. жіктік жалғауы көбіне етістікке жалғанады, бірақ жіктік жалғауы баяндауыш болған басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы, Мен ақынмын, жалынмын, Шапшып көкке тиемін. (М.Ж.).
Жіктік жалғаулары жалғанған сөзіне жақ мағыналарын, жекешелік, көпшелік мағынаны, анайылық, сыпайылық мағыналарын үстейді, қосады. Бұл мағыналар жіктік жалғау жүйесінде әр түрлі қосымшалар арқылы беріледі. Жіктік жалғаулардың сөзді түрлеңдіру жүйесі жіктік жалғау парадигмасы деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Септік категориясы қай сөздерге тән?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Қазақ тіліндегі әр септіктің әрқайсысы қандай грамматикалық мағына береді, ол қандай қызмет атқарады?
4. Жіктік жалғау дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *