Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері

Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері

1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.
2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.
3. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.

Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың саңдық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді.
Сан есім сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады. Бұл- сан есімнің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі, жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар — сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да, жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы ғана байланысады.
Сөздерді таптастырудың екінші ұстанымы- сөз табының морфологиялық белгісі. Бұл көбіне сөз табының сөздерді түрлеңдіру жүйесіне қатысты екені белгілі. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық категориясы, яғни түрлендіру жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да бірнеше сөз табына қатысты. Сондықтан ол сан есімнің сөз табы ретінде танылуына кедергі бола алмайды. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның -ншы, -нші, -ыншы, -інші жүрнағы мен жинақтау санның -ау, -еу жұрнақтары.
Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болуы. Бүл үстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есім түрлі морфемдік құрамда қолданылады. Қүрамына қарай сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір негізгі морфемадан тұрып, сандық ұғымды атайды.
Күрделі сандар сан есімде өте көп, оның санын көрсету де мүмкін емес. Күрделі сандар ешқандай қосымшаның көмегінсіз бір сан мен екінші санның тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның атын жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Сан есімдер қандай үғымды білдіреді?
2. Сан есімдердің затқа қатысы қандай?
3. Сан есімнің грамматикалық категориясы бар ма?
4. Сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *