Психолингвистика тарихы

Психолингвистика тарихы
1.Тілде психикалық кешеннің болуы.
2.Тіл – ойлау шарты.
3. Тіл әлемді тануды шектейді.
Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің — тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді.
Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз — адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау.
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *