Негізгі грамматикалық ұғымдар

 

1. Сөз – лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі.
2. Грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория, құрылым)

Сөз дегеніміз – қыры-сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөз – айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің көиегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын айтамыз. Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: 1) жалғау, 2) нөлдік қосымша, 3) грамматикалық жұрнақ.
Грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына — грамматикалық құрылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. Сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады.
Грамматикалық сөзтұлға белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіруі шарт. Грамматикалық сөзтұлға екі түрлі болады: 1) синтетикалық сөзтұлға, 2) аналитикалық сөзтұлға. Синтетикалық сөзтұлға деп грамматикалық категорияның қосымшалары арқылы түрленген сөздер аталады. Аналитикалық сөзтұлға деп грамматикалық мағынаның көмекшілері яғни аналитикалық форманттары арқылы түрленген сөздер аталады.
Грамматикадағы негізгі мәселеге грамматикалық категория жатады. Грамматикалық категория деп бір тектес жүйелі грамматикалық мағыналардан түратьш және оларды білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіштері бар тілдік қүбылыс аталады. Грамматикалық категориялар морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Грамматикалық мағына дегеніміз не?
2. Грамматикалық форма дегеніміз не?
3. Грамматикалық категория дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 3-12.
2.Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007. – Б. 3-14.
3. Исаев С. . Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *