Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары

Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары

1. Салттылық және сабақтылық категориясы
2. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері
3. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы

Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке семантика — синтаксистік категориясы -деп танылады.
Салт, сабақгы етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықтама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1.Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті зат болады.
2. Салт етістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектіге жасапатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .
Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс — негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, — деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
1. Өздік етіс. Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады.
2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалады.
3. Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады.
4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді.
Болымды-болымсыздық категориясы.Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамматикалық) тұлғаларында да қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Етістік білдіретін қимыл, іс-әрекеттің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістікгің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Етіс дегеніміз не? Етістің ұандай түрлері бар?
2. Өздік етістің мағынасы, жасалу жолы қандай?
3.Өзгелік етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
4.Ырықсыз етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
5.Ортақ етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
2.Ысқақов А. Қазіргі қазақтілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *