Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары

Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары

1. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі
2. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны

Қимылдың өту сипаты категориясы А.Ысқақовтың 1991 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «Амалдың өту сипаты» деген тақырыппен берілген дедік. Онда амалдың жүзеге асқандығын білдіретін арнаулы грамматикалық формалардың болатындығын, ол формалардың бір саласы аналитикалық форманттар және олардың тілімізде аса көп екендігі айтылады. Қимылдың өту сипаты категориясы іштей екіге бөлінеді: 1) қимылдың тәсілі; 2) қимылдың даму сатысы
Қимылдың даму сатысы, кезеңі үшке бөлінеді. Олар:
1. Қимылдың басталу кезеңі. 2. Қимылдың жалғасу кезеңі.
3. Қимылдың аяқталу кезөңі. Етістіктің функциялық формаларының бірі — есімше.
Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.
Есімше -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жүрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жүрнақтары жалғанбайды.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Есімшенің түрлері
Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Өткен шақ есімше жұрнағы отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді.
Дағдылы өткен шақ есімше -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады.
Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады.-ар, -ер, -р болымды етістіктерге жалғанса, -с жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады.
Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -мақ, -мек, -, -пек, -бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады.
Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, кимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі. Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.
Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып муңцай ерекшелікке ие болуы қимыл әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты. Тұйық етістік түбір етістікпен туынды түбір етістікке- у, (-ұу, -үу), ыс(-іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) журнаідары жалғану арқылы жасалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қимыл атауының магынасы қандай?
2. Тұйық етістік дегеніміз не?
3. Есімшені неге кейбір ғалымдар сын есімге қосуды, жеке сөз табы санауды ұсынған?
4. Есімше жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары қандай?
5. Көсемше етістіктің қандай түрі?
6. Көсемше қандай мағынаны білдіреді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
2.Ысқақов А. Қазіргі қазақтілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *