Біріншілік және екеншілік кемшіліктердің байланыстығы


Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша бірінші кемшілік екінші кемшіліктің және үшінші кемістіктің туындауына әкеліп соғады.Ақыл-ойында ауытқышылығы бар балаларда бас миының зақымдауымен бірге екіншілік кемшілік психикалық процестердің жоғарғы психикалық функциалардың бұзылуына әкеліп соады және сөйлеу тілінің бұзылуында әсерін тигізбей қоймайды.Ақыл-ойы артта қалған балалрға келесі мінездемелер беріледі.
— сөйлеу тілінің жүйелеігінің дамымауы және олардың компоненттерінің байланыстылығының жоқтығы
— сөйлеу процесіндегі интериоризацияның бұзылыстары
— информацияны жеткізудегі жылдамдық көлемдіктің және сапасының жоқтығы
— жоспарлау және когнитивтік функциаларының сөйлеу тілінің айтарлықтай төмендігі
— сөйлеу тіліндегі бұзылыстары оның әртүрлі функциалардың бұзылыс деңгейіне байланысты.
Қазіргі кездегі кемістіктерің құрлымына берілген түсініктемелері.
Зерттеудің талдаудан өткізген нәтижелері инттелектісі бұзылған жоғарғы сынып оқушыларында сөздің мағыналық деңгейі бұзылғаны байқалды. Морфологиялық құрлымға қарағанда оларда синтаксистік құрылым анағұрлым бұзылған. Морфологиялық жүйедегі жай, нақты мағыналы сөздерді тез меңгереді. Ақыл- ойы кеміс оқушылар сөз тудыруш үшін қатты қиналады. Сөйлеу тіліндегі сенсорлық деңгей кейбір балаларда сақталған болса, ал кейбіреуінде сақталмаған.
Психолингвистикалық талдау кезінде экспериментаторлар ақыл- ойында кемшілігі бар балалардың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне қарай 3 типке бөлінеді.
1- тип- сөйлеу тілі бұзылыстары. Бұл балаларда кемістіктері күрделі емес. Фонематикалық прцестердің жете дамымауы байқалады, функциянальды дислалия және жазу тіліндегі жеңіл бұзылыстары байқалған.
2- тип- сөйлеу тілінің асқынған типі. Бұл балаларда артикуляциялық аппараттарындағы бұзылыс және педогогикалық жағынан байқаусыздан жіберілген балалар жатады.
3- тип- сөйлеу тіліндегі күрделі кемістік. Олардың бас миының диффузиялық жағы зақымданған, сонымен бірге толықтырушы патологиялары бар балалар. Бұған кіретіндер дизартрия, ринолалия, алалияның күрделі синдромдары байқалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *