Адам өміріндегі достықтың мәні


Дос немесе достық – адам өмірінің үлкен бір арнасы. Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Демек, достық жақсы адамдардың арасында ғана болады дейтін түсінік жоқ…
Адам отбасын құрар алдында өмірлік жарына талап қойса да, бір-бірімен дос болу үшін талап қоймайды. Адамдар тек достықтың өз талабынан шыға алса болды. Ол талап еш жерде айтылмаған, жазылмаған. Оны адам достықтың мәнін сезіп, білген кезде түсінетіндей. Және біз дос болайық деп те айту – достықтың табиғатынан алыстау көрінеді маған. Себебі, достықты сөз емес, сезім орнатады. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе алса – сол сенің нағыз досың деннің өзі кейде достықтың нақ мәнін аша алмайтын сияқты. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдастарыңның да қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың.
Адамның нағыз досының болуы міндетті емес. Бірақ болмауы өкініш. Алайда адам өзі балалы болмайынша ата-ананың қадірін білмейтіні сияқты, досы жоқ адам да өмірінде достықта болып көрмеген соң немесе басқамен нағыз достықтың отын тұтатпағаннан кейін де ол өкініштің мәнісін де білмейді. Оны нағыз досыңды тапқанда ғана «егер мен бұл досыммен кездеспеген болсам, онда бұл да бір өкініш болғандай екен ғой» деп ойлап, сезесің.
Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған айтуда да көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол сіздің нағыз достық сеніміңіздегі адам бола алмайды. Досқа деген сенімнің болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады. Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін, айқын айту – достықтың бір парызы саналғанымен, жолдастармен мұндай тақырып қозғау кейде ыңғайсыздау болуы мүмкін. Достың жолдастан айырмасы осы.
Досардың (тағдырдың жазуы солай болса) бірге жүрмеуі – достықты әлсірете алмайды деп ойлаймын. Өйткені, берік сенім орнаған соң жер алыс болса да, достық сезім бір-бірінен бір сәт те алыстай алмақ емес. Туған бауырыңдай қашан да саған жақын болады. Кемшілігін туғаныңдай түсінікті тілмен қысылмастан жеткізесің немесе өзіңнің қателіктерің мен ұсыныс, талабыңды оған айта да аласың…Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Жалған достықты қалай анықтаймыз?
Британиялық кітапжегіш ғалымдардың айтуынша және Гвинеялық адамжегіш залымдардың дәлелдеуінше жалған достық былай басталады: 1-бөлім (Ми тоңқайту): Қыз жігітпен ойнап, қылығын көрсетеді. Жігіттің есі кетіп, тасын домалатып, назына жауап қайыра бастағанда, қыз аяқ астынан суып кетеді. Жігіт мән жайды түсінбей, «мен бірдеңе бүлдірдім бе?», «артық „движение“ жасап қойдым ба?» деп, тасын кері домалатып, көтін қысады… Қыз тап сол мезетте жігітті қайтадан өзіне тартады. Осылайша әрі-бері қыз ойыны басың айналып, миың шайқалғанша қайталана береді. 2-бөлім (Қаужау) Жоғарыда айтылған үздіксіз ми тоңқайту барысында, жігіттің назарын жоғалтып алмау үшін, қыз оған түрлі қыртыған мәнсіз сөздерді айтып, ұзын арқан кең тұсаудан шығармауға тырысады:
• «Түсінгеніңе рахмет, сен нағыз азаматсың!»
• «Неге жігіттердің барлығы сен сияқты болмайды екен, осы??»
• «Сен сондай сүйкімдісің!»
• «Менің жігітім нағыз оңбаған… шіркін сен идеал жігіт болар едің.»
• «Сен маған ұнайсың» немесе «Сен ең керемет адамсың!»
• «Сен маған ағам сияқтысың!»
• «Егер менің жігітім болмағанда, мен сенімен жүруші едім.»
• «Тууу, негізі менің талғамым нашар, неге мен сен сияқты жігіттермен кезікпедім екен?»
Сөйтіп жүріп, өзіне қыртым-сыртым сатып алып беруді, немесе басқалай қыдыртып, көңіл көтертуді меңзеп қалады, мақау жігіт сүмеңдеп айтқанына көніп, барын шашады. Қысқасы, ақшаға, назарға, уақытын бөлуге, жылауық әңгімесін тыңдатуға қаужай отырып, миын тоңқайтуды ұмытпайды. Жігіт қыздың өтірік шырмауында кептеліп, өмір бойы достық аймағынан шыға алмай мына жігітке айналады.
Сылтаулары (және оның аудармалары):
• «Сен менен көп жас үлкенсің (қаусаған осырақ шалсың) немесе керісінше, сен менен тым кішкентайсың, (өйткені маған табыс табатын ағашкалармен „мутить“ еткен ұнайды).
• Сен мені „анандай“ жағынан қызықтырмайсың (Сен сияқты ұсқынсыз жігітті көрсем көзім шықсын!)
• Мен дайын емеспін, алдымен өзімнің ішкі дүниемді реттеп алуым қажет! ( сенсіз де мақау жігіттерім толып жатыр!)
• Менің жігітім бар (мысығымның атын „Жігіт“ деп қойғам)
• Мен әріптестермен жүріс жасамаймын (саған тіпті әртүрлі қалада жұмыс істесекте жоламас едім)
• Мәселе сенде емес, менде (мәселе менде емес, сенде)
• Мен қазір бар көңілімді жұмысқа бөлуім керек (зеріктіргенің соншалық, сенімен кездескенше, қызықсыз жұмысымды істегенім артық).
• Мен биыл жеке өмірімді жоспарлаған жоқпын (Әсіресе, сен сияқты мұңайған боқ жоспарыма қалайда жоспарыма кірмейді)
• Дос болып қалайықшы (мен сенімен қатынасты үзбей, ара-тұра өзімнің көңілдес жігіттерім жайлы айтып, керек кезінде мылжыңымды тыңдайтын тегін құлағым болғаныңды қалаймын, жылағым келгенде мұрын боғымды сүртіп, сүйеу болатын иығың керек, ұйқым келгенде басымды қойып, жастанатын боқ қарның керек)
• Сен мен үшін тым жақсысың, мен саған лайық емеспін! (Былай тиісетін мін таба алмадым, бірақ бәрібір шопақ жегізіп нахқа жібергім келіп тұр)

Дін — рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. Адамның діни сеніміне құрмет — оның таңдауына құрмет ретінде.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды».
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.
Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.
Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған…
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *